Жаңалықтар

Биыл мектепте жаңажылдық іс-шаралар өте ме?

  • Биыл мектепте жаңажылдық іс-шаралар өте ме?

    Биыл мектепте жаңажылдық іс-шаралар өте ме?

Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова осы жылы мектептерде жаңажылдық мерекелік шаралар өте ме деген сауалға жауап берді деп жазады Қазақпарат.

Есмағамбетованың сөзінше, биыл мектептерде жаңажылдық мерекелік шаралар өтпейді. "Мектепке барып оқып жүрген оқушылар үшін мектепте жаңажылдық мерекелік шаралар өтпейді", - дейді санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы. Сонымен қатар ол 1 және 16 желтоқсандағы мереке күндері қосымша карантиндік шектеулер болатын-болмайтынына тоқталды. Есмағамбетованың айтуынша, қосымша шектеу шаралары соңғы екі аптада ауырғандар санының өсуіне байланысты қабылданған. Ведомство басшысы осы уақыттағы біздің мақсат &ndash карантин талаптарын орындау, дейді. Ол қазіргі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, әзірге қосымша карантин шаралары қабылданбайтынын тілге тиек етті. "Мұндай шаралар әр өңірдегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты болады. Ал жағдайдың қалай болатыны біздің әрқайсысымызға байланысты", - дейді санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы. Сонымен қатар орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Білім және ғылым вице-министрі Рүстем Биғари қашықтан оқытуға байланысты педагогтардың жалақысы қысқаратыны туралы ақпаратқа пікір білдірді. 

Еске сала кетсек, осыған дейін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінде жаңажылдық іс-шаралар мәселесі қарастырылып жатқанын жазған едік. 

Қазақпарат.




Көрілген: 452    Пікірлер: 0

сейсенбі, 17.11.2020, 19:05

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    6 Қаңтар, 18:48
    Мен жаңашыл ұстазбын
    20 Желтоқсан 2020
    Менің ұстазым...
    14 Желтоқсан 2020
    Тәуелсіздік туралы эссе

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31