Жаңалықтар

Биылғы ҰБТ-да қандай ереже бұзушылықтар анықталды

  • Биылғы ҰБТ-да қандай ереже бұзушылықтар анықталды

    Биылғы ҰБТ-да қандай ереже бұзушылықтар анықталды

 Қазақстанда Ұлттық бірыңғай тестілеу өткен 161 пункте 300 ереже бұзу фактісі анықталды. Бұл туралы республикалық арнайы мониторинг тобының жетекшісі Айгүл Соловьева мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"21 маусым мен 5 шілде аралығында 161 пункте ҰБТ бойынша мониторинг жүргізілді. ҰБТ өткізу ережесі бұзылған 300 факті анықталып, біздің тарапымыздан сараптама жасалды. Негізгі ереже бұзушылық ұялы телефон алып келумен байланысты. ҰБТ тапсырушы қаламаса да ата-анасының араласуымен ұялы телефон алып келген жағдайлар анықталды", - деді Айгүл Соловьева.

Оның сөзіне қарағанда, арнайы мониторинг тобы мүшүлеріне психологиялық қысым көрсетілген, олардың ішінде педагогтар тарапынан да болған.

"ҰБТ өткен кей жерлерде ұялы байланыс мұнаралары бұғатталмаған. Тағы бір жағдайда ҰБТ өтетін мектеп бұғаттауға келмейтін осындай мұнаралар жанынан әдейіге таңдалған", - деді Айгүл Соловьева.

Сондай-ақ, ҰБТ өткізген кезде әртүрлі жылдардағы тест нұсқалары қолданылғаны анықталды.

"Білім және ғылым министрлігі бұл жағдайларға жедел назар аударып, олқылықтардың орнын толтырды. ҰБТ өтуіне мониторинг жасауға қатысқан 482 адам Арнайы мониторинг тобының мүшесі", - дейді ол.

Stan.kz




Көрілген: 391    Пікірлер: 0

бейсенбі, 09.07.2020, 20:09

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Қыркүйек, 00:14
    БАЛАНЫҢ КӨЗІНШЕ...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30