Жаңалықтар

БҚО-да жыл басынан бері 381 оқушыдан коронавирус анықталған

  • https://www.inform.kz/

    https://www.inform.kz/

Оқу жылы басталғалы Батыс Қазақстан облысында мектеп оқушылары арасында COVID-19-дың 381 жағдайы тіркелген. Оның 187-сі оффлайн форматта оқитын оқушылар болса, 194 жағдай қашықтан оқитын оқушылар арасында тіркелген, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ведомствоаралық комиссияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

3 тоқсан басталғалы (11 қаңтардан бастап) облыс мектептерінің оқушылары арасында 167 КВИ жұқтыру фактілері тіркелген. 89 оқушы оффлайн форматта, 78-ы қашықтан оқитын оқушылар арасында анықталған.

 

2021 жылдың 8-12 ақпан аралығында облыс аумағындағы Қалалар мен аудандардың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлерінің қаулысымен 13 мектеп карантинге жабылған.

 

2021 жылдың басынан Батыс Қазақстан облысының аумағындағы мемлекеттік шекара бекеттері арқылы 34 899 адам өткен. 6 955 жолаушының 867-сінде COVID-19-ға теріс нәтижесі көрсетілген анықтама болмаған.

 

Аталған жолаушылар 3 тәулікке карантиндік стационарға орналастырылып, ПТР әдісімен COVID-19 тест алынған, 4 жолаушының тест қорытындысы оң нәтиже көрсеткен.

 

Аталған аралықта БҚО аумағы арқылы екі жақты қатынаста халықаралық жүк тасымалдарын жүзеге асыратын 18 265 жүргізуші өткен. 5 850 жүргізушінің арнайы анықтамасы болмауына байланысты ПТР әдісімен COVID-19 тест алынып, 7 жүргізушінің КВИ жұқтырғаны анықталған.

 




Көрілген: 261    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 15.02.2021, 08:34

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Наурыз, 16:06
    Тарихи күн

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30