Жаңалықтар

Білікті дәрігерлер бас қосты

  • Білікті дәрігерлер бас қосты

    Білікті дәрігерлер бас қосты

Кеше Алматы қаласы, Ramada қонақүйінің Nomad залында Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті. Халықаралық дипломнан кейінге білім беру институты және Ресей Федерациясының «КсеалМед ЖШҚ және «Бейсенфарм» Қазақстан ЖШС ұйымдастырған бұл іс-шара «Бауырдың ауыр уытты және метаболиттік рационалды фармакотерапиясы» тақырыбына арналды.


Ресей, Өзбекстан, Қазақстан мен Қырғыз елінің ең мықты клинцистері бауырды патогенездік емдеудің мәселелері жайында баяндама жасаған бұл конференцияға өз еліміз бен Санкт-Петербургтің гастроэнтерлог, акушер-гинеколог, эндокринолог және т.б саланың 200-ге жуық мамандары қатысты.


Константин Жданов, РҒА корреспонденция мүшесі, медицина ғылымдарының докторы, профессор:

– Араға сан жылдар салып баршаңызбен осы қазақ жеріне қауышып отырғаныма қуаныштымын. Және де қандай себеппен десеңізші. Яғни, біз бүгін ғаламдық шеңбердегі үлкен мәселе – адамзат денсаулығы, яғни, сіз бен біздің өміріміз жайлы талқылауға бас қосып отырмыз. Әлем күн сайын өзгеріс үстінде, ауру да соған сайын өзгеріп жатыр. Осыдан үш жыл бұрын мен Африкада аштық безгегіне ұшыраған жас балаларды көрдім. Яғни, әлем бір жағынан дамып жатқанымен, екінші жағынан бәрібір адам денсаулығы кеміп барады. Бұрын оңай әрі тез емделетін аурулар қазір мүлдем басқаша сипат алып, тіпті кейде басқалар түгілі осы салада қаншама жылдан бері қызмет етіп келе жатқан біздің өзіміз шеше алмай қалатын, таң қалатын құбылыстар орын алып жатады. Сондықтан ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жолды іздеген әлдеқайда жақсы. Ол – ерте диагностика, инфекцияны түбегейлі болдырмай тастай алмасақ та, одан сақтану жолдарын іздеуге талпыну. Мәселен, аурға қарсы егу деген секілді. Және ғылымды жетілдіру керек.




Арай МАҒАУИЯҚЫЗЫ, Халықаралық дипломнан кейінге білім беру институтының директоры, медицина ғылымдарының докторы, профессор:

–Біздің құрылғанымызға үш жыл болды. Осы уақыт аралығында 5000-ға жуық дәрігерлердің білімін жетілдіріп үлгердік. Ресми тіркелмес бұрын біз оған екі жарым жыл дайындалдық. Еліміздегі жекеменшік институттар арасындағы тұңғыш рет сынақтан өткен институт екенімізді мақтанышпен айта аламын. Бүгінгі шараны біз Ресей Федерациясының дәрігерлердің білімін жетілдіру институтымен бірігіп атқарып отырмыз. Олар осыған дейін оқшау өмір сүрген, яғни, тек өздеріндегі мамандарды ғана оқытып келген. Ал біз олардан жоғары, әлемдік деңгейге шығып кетіппіз. Бірде біз бір конференцияда бас қосқанда осы жайында әңгіме қозғалды, сол жерде олар «сіздердің дәрігерлеріңіздің білім деңгейі қандай, соны білгіміз келеді» деген сыңай танытты. Бүгінгі шараны сол Санкт-Петербургтің медицина саласының мамандары мен еліміздің мамандарының тәжірибе алмасуына жол ашатын алтын көпір десек те болады. Бүгін мұнда тек бір сала мамандары ғана емес, барлық саланың дәрігерлері бар. Олардың барлығының елімізге келіп, осындай конференция өткізуге жағдай жасап отырған «Бейсенфарм» компаниясына зор алғыс білдіргіміз келеді. Мұнда қазір ерте диагностика қоюдың алдын алу шаралары, ғылыми институт ғалымдары ойлап тапқан отандық өнімдер мен оның іс жүзінде қолданылуы жайында сөз болады.

Ал, біздің институттың негізгі мақсаты – еліміздің түкпір-түкпіріндегі, әсіресе аймақтағы дәрігерлердің білімін заманға сай жаңартып, толықтырып отыру. Себебі қазір заман өте үлкен шапшаңдықпен дамып келеді. Біз соған сай білімімізді жетілдіріп отырмасақ болмайды. Себебі дәрігерлер – адам өмірінің тізгінін ұстаушылар. Бүгінде әсіресе, ғасыр дертіне айналған обыр, яғни, қатерлі ісік, бауырдың түрлі ауруларының алдын алмаса, салдары ауыр әрі зардабы жылдан жылға ұлғайып, ауру жасарып барады. Онымен осылай дәрігерлер күш біріктіріп, білім мен тәжірибе алмасу арқылы күресуі тиіс. Бүгінгі шара – осы мақсаттағы қадамдардың бірі. Айта кетерлігі бүгінгі конференция өте ауқымды, 200-дей дәрігерлер қатысып отыр, басым бөлігі Санкт-Петербургтің медицина саласының мамандары. Біз бұған дейін, яғни, тіркелгенге дейін мұндай ауқымды шараларды жасамаған едік, сондықтан бүгін бұл біз үшін дебьют деуге болады.

Тек біздің елімізде ғана емес, жалпы әлемде B және C гепатиттері, жалпы бауыр ауруымен толассыз күрес қай кезде де жүретіндіктен, бұл мәселе ешқашан өзінің өзектілігін жоймайтыны және ешбір адам баласының одан тыс қала алмайтыны түсінікті. Ендеше, дәрігерлердің осындай мәселе турасында бас қосып, тәжірибе алмасуы және оған жағдай туғызуы – көңіл қуантарлық жағдай.

Мәриям ӘБСАТТАР


 




Көрілген: 514    Пікірлер: 0

сейсенбі, 19.02.2019, 12:37

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Сәуір, 10:35
    Жыл басы – Наурыз
    13 Ақпан, 15:34
    Жырлайды жүрек
    17 Қаңтар, 19:01
    Шығыстың қос шыңы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31