Жаңалықтар

Біліктілік тестілеуден өткен мұғалімдердің жалақысы 1 қыркүйектен бастап көтеріледі

  • https://azattyq-ruhy.kz/

    https://azattyq-ruhy.kz/

Биыл ұлттық біліктілік тестілеуден 160 мың мұғалім өтеді. Бұл туралы Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Қаринова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Ұлттық біліктілік тестілеуді өткізу мәселелері бойынша БҒМ өткізген онлайн баспасөз мәслихатында Шолпан Қаринова бұл сын - жалпы білім саласы, мұғалімдер мен педагогикалық мамандар үшін өте маңызды сұрақ екенін атап өтті.

 

«Баршаңыз білетіндей, елімізде «Педагогтар мәртебесі туралы» заң қабылданып, мұғалімдердің нақты міндеттері айқындалғанын, жүктемелерін азайтуға байланысты министрдің бірнеше ұстанымын бұған дейін жеткізген едік. Заң аясында бірнеше нормативтік-құқықтық құжаттар қабылданды. Ұлттық біліктілік тестілеу – жалпы мұғалімді аттестаттаудың екі кезеңінің біріншісі. Бірінші кезеңі – әдеттегідей тестілеу арқылы өткізіледі. Тестілеу кезінде мұғалімдер өз пәндеріне байланысты біліктілігін көрсетеді. Әдістеме бойынша сұрақтарға жауап беріп, аттестаттаудың екінші кезеңіне жолдама алады», - деді вице-министр.

 

Оның айтуынша биыл ұлттық біліктілік тестілеуге 160 мыңға жуық мұғалім қатысады.

 

«Биылдан бастап ЖОО-лардың педагогикалық мамандықтары бойынша түлектері осы тестілеуге қатыса алады. Тестілеудің екінші кезеңі мұғалімнің еңбегін кешенді талдау бойынша өткізіледі. Оның нәтижесінде мұғалімдердің бәрі де өз еңбекақыларын 1 қыркүйектан бастап 30-дан 50 пайызға дейінгі аралықта өсіре алады. Бұл – мұғалімді қолдап, еңбегін бағалауға байланысты жұмыстар. Сондықтан ұлттық біліктілік тестілеудің маңызы жоғары. Үстіміздегі жылдың 2 маусымы күні үрдіс барлық өңірде басталды», - деді ол.

 




Көрілген: 1232    Пікірлер: 0

бейсенбі, 04.06.2020, 17:18

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30