Жаңалықтар

Білім беру бағдарламалары мен оқу пәндері бойынша күтілетін оқу нәтижелерін бағалау тәсілдері

  • https://www.mgpu.ru/

    https://www.mgpu.ru/

Жуырда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Құзыреттілікке бағытталған тәсіл контекстінде білім беру бағдарламалары мен оқу пәндері бойынша күтілетін оқу нәтижелерін бағалау тәсілдері» атты профессор-оқытушылар құрамының 51-ші университеттік ғылыми-әдістемелік конференциясы аясында жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының ұйымдастыруымен «Қазақ және орыс тілдерін шет тілі ретінде оқыту әдістемесі: интеграция және үйлестіру мәселелері» тақырыбында онлайн дөңгелек үстел өтті.

 

Дөңгелек үстелдің мақсаты – қазақ және орыс тілдерін шет тілі ретінде оқытудың қазіргі жайын, болашағын және оқу пәндері бойынша күтілетін оқу нәтижелерін бағалау тәсілдерін талқылау, пікір алмасу, кәсіби қолдау көрсету.

 
         Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының ғылыми-әдістемелік базасы дамып, қасиетті қара шаңырақ аясында көптеген жас мамандарының топшысын қатайтып, қияға самғатып келе жатқанына да 35 жылдан асты. Бұл кафедра шетелдік жастарға тіл меңгертіп, тәрбиелеуде өте жоғары маңызға ие. Шетелдік азаматтарды қалай оқыту керек, студент бойына қандай қасиеттерді сіңіріп, нені үйретуді басты назарға ұстаған жөн деген сияқты сауалдарына жауап беретін бірден бір орта. Ұзақ жылдар бойы кафедрада педагогика саласында білікті мамандар даярлап, республикалық, әлемдік деңгейде ғалымдар қалыптастырды.

 

Дөңгелек үстел барысында шетелдік студенттердің тілдік дайындықтарын оңтайландыру, шетелдік тыңдаушылардың сөйлеуін дамытудағы икемділік пен дағдыларын жетілдіру жолдары және қазақ және орыс тілдерін шет тілі ретінде оқытудағы халықаралық аудиториядағы халықаралық коммуникация, шетелдік аудиторияда тыңдалымға оқыту, оқылымға оқыту технологиясы, халықаралық мәдениет парадигмасындағы коммуникацияның рөлі жайлы мәселелер талқыланды. 

 

         Келесі кезекте шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының оқытушылары Р.И. Дүйсенбаева, А.С.  Айтпаева, А.С.  Казмагамбетовалардың және басқа да қатысушылардың баяндамалары тыңдалды. Онда қазақ және орыс тілдерін шет тілі ретінде шетелдік тіл үйренушілерге оқытудың тиімді жақтары, осы бағытта дайындалған жаңа инновациялық технологияларды қолданудың, кәсіби бағдарлық оқытудың жүзеге асу жолдары сөз болды.

 

Бұл дөңгелек үстел көптеген ауқымды тақырыптарды қамтыды.
Барлық дөңгелек үстелге қатысушылар рет-ретімен түрлі тақырыптарда өз баяндамаларын оқыды, әртүрлі тың тақырыптар тыңдалды. Баяндамашылар баяндама барысында туындаған сұрақтарға жауап беріп, қызу талқылауға қатысты. Дөңгелек үстел барысында өзекті де ауқымды мәселе талқыланып, мамандар ой-пікір алмасты. Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша ұсыныстар қабылданды.

 

А.Е. Саденова

 
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,
Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті
Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру
дайындығы кафедрасы
 




Көрілген: 538    Пікірлер: 0

жексенбі, 21.03.2021, 00:29

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Наурыз, 16:06
    Тарихи күн

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31