Жаңалықтар

Білім беру жүйесіне арналған танымдық кеш

  • Білім беру жүйесіне арналған танымдық кеш

    Білім беру жүйесіне арналған танымдық кеш

Болашақтың бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп адамзат қоғамын алға апаратын күш тек білімде ғана. Қай елдің болмасын өсіп өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы, оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, дамыту бағытына байланысты. Қазіргі кезеңде егеменді елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне бағыт алуда. Бұл педагогика тарихы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр, себебі, білім беру жүйесі өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарды, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болды. Ал, сол жаңа жүйенің бәрін бойына сіңіріп, жас ұрпақтың санасына білім нұрын құйып жүрген ұстаздар қауымы. Сондықтан, Ұстаз – ұлттың болашағын тәрбиелеуші екені даусыз.


Қазақстандағы білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы – заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын тың бағдарлама. Қазіргі таңда қазақ тілі – мемлекеттік тіл, қарым-қатынас тілі – орыс тілі және ағылшын тілі – әлемдік кеңістікті тану тілін оқытуда жаңа идеяларды әр сабақта жан-жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қолдану – заман талабы болып отыр. Оқыту жүйесі өзгерді. Шындығында мұғалімнің алдында оқушыларға білім мен тәрбие беруде үлкен жауапкершілік тұр. Әрбір оқушыны оқытып тәрбиелеуге байланысты мәселелерді өздігімен және шығармашылық ынтамен шешуге қабілетті жаңашыл оқытушы қажет. Оқушылардың мектепте табысты оқуы ғана емес, өмірде де табысты болуы оқытушының қабілетіне, оның құзыреттілігіне байланысты. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды. Осыған байланысты ұстаздар оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отырумен қатар жаңа технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білуі қажет. Міне, осы мақсатта 2019 жылдың 19 ақпан айында филология және әлем тілдері факультетінің шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» жобасы аясында «Шетел филологиясы» мамандығының 1-курс студенттерінің ұйымдастыруымен № 17 студенттер үйінде «Шетелдегі білім жүйесі» атты танымдық кеш өткізіліп, Шетелдегі және Қазақстандағы білім жүйесінің дамуына кішкене болса да үлес қосты. Студенттер өздерінің танымдық жүйесін қоректендіре отырып, білім нәрімен сусындады.


Қазақстандағы білім беру жүйесі шет елмен қатар дамуда деп толықтай айта аламыз. Әлем елдерінің білім жүйесін бір-бірлерімен салыстырар болсақ, олардың білім жүйесі әр түрлі деңгейде дамуда. Дамыған елдердің білім жүйесіне жүргізілген зерттеулер нәтижесі Ирландияның білім беру жүйесі алдыңғы дамыған мемлекеттердің қатарына кіреді. Сонау орта ғасырлардан бері Ирландияда білім беру ісі ең маңызды іс болған. Сондықтан болар Ирландияны «әулиелер мен оқымыстылар аралы» деп атаған. Европа елдері бойынша Ирландия мектептегі сабақтары саны көп, ағылшын оқушыларына қарағанда ирландықтар әр түрлі деңгейдегі емтихандарды көбірек тапсырады. Ирланд мұғалімдеріне қойылатын талаптар да жоғары. Ирланд мұғалімдерінің жалақысы өте жоғары. Ирландия және Тайвань еліндегі білім беру жүйелерін


Қазақстанның білім беру жүйесімен салыстырар болсақ, Ирландия елінде 12 жылдық білім беру міндетті болса, Тайваньда 9 жылдық білім міндетті. Бірақ Тайвань елінің оқушылары 12 жылдық білімді алуға барынша күш жұмсайды. Біздің елімізде де 2015 жылдан бастап 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу көзделіп отыр. Қазіргі таңдағы мемлекетіміздегі білім саласындағы реформа – 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу. Қазақстанның 12 жылдық білім беруге көшу реформасы білім берудің жаңа ұлттық моделін жасаудың стратегиялық міндеті табысты мақсаттарын шешуге мүмкіндік береді. 12 жылдық білім берудің күтілетін нәтижелері белгіленген мақсатқа сәйкес мектеп бітірушінің негізгі құндылықты – бағдарлы құзыреттілік, мәдениеттанымдық құзіреттілік, когнитивтік құзіреттілік коммуникативтік құзіреттілік, ақпараттық-технологиялық құзіреттілік, әлеуметтік өзара қарым-қатынас құзіреттілігі,тұлғалық өзін-өзі дамыту құзіреттіліктерін дамыту қажет деп көрсетілген..


Бүгінгі таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі реформалар мен сыңдарлы саясаттар, өзгерістер мен жаңалықтар әрбір мұғалімнің ойлануына, ел болашағына тың идеялармен, жаңа жүйемен жұмыс жасауына негіз болуы тиіс. Сондықтан сапалы көрсеткіштерге жету білім беру жүйесіндегі оқытушылардың кәсіби біліктіліктері жаңа бағдарламамен арттырылуда. Болашақта осы ізді суытпау мақсатында әртүрлі іс- шаралар өтетіндігіне сенім мол.


Шетел филологиясы және аударма ісі


кафедрасының оқытушылар:


Ә. Байелі, А.Аушенов 




Көрілген: 731    Пікірлер: 0

сейсенбі, 05.03.2019, 16:51

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    30 Қараша, 02:44
    Біз жастарға сенеміз
    17 Қыркүйек, 18:06
    Тіл – татулық тірегі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31