Жаңалықтар

Білім биігіне талпыну - болашақ бағдары

  • © egemen.kz

    © egemen.kz

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы Қазақстан үшін тарихи дамудың жаңа кезеңіндегі асқан өзектілігімен әрі маңыздылығымен ерекшеленеді. Біздің бүгінгі ең басты мақсатымыз — әлемдік өркениетке еніп, дамыған елдің қатарына қосылу. Оған білім, ғылым арқылы ғана жетеміз.


«Рухани жаңғыру тек бүгін басталатын жұмыс емес. Біз Тәуелсіздік кезеңінде бұл бағытта бірнеше ауқымды іс атқардық. 2004 жылы «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында Қазақстан аумағындағы тарихи-мәдени ескерткіштер мен нысандарды жаңғырттық. 2013 жылы «Халық - тарих толқынында» бағ¬дарламасы арқылы әлемнің ең белді архивтерінен төл тарихымызға қатысты құжаттарды жүйелі түрде жинап, зерттедік. Енді осының бәрінен де ауқымды және іргелі жұмыстарды бастағалы отырмыз», - деді Н. Назарбаев. Сондықтан Елбасы мақаласында заманға сәйкес жаңғыру, оның ішінде рухани жаңғыру мәселесі жан-жақты талданып, таяу жылдарға ауқымды міндеттер қойылып отыр. Бұл қазіргі заман талабына сай, технологиялық ортаның коммуникация мен ғылым және білім беру үдерістеріне байланысты болып отыр.


Қоғамдық сана жаңғыруының қозғаушы күшіне айналуда жоғары оқу орындарының ғылым, білім беру және жас ұрпақты тәрбиелеуде орны ерекше. «Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт», - делінген Елбасы мақаласында.


Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Елбасы идеяларын насихаттай отырып, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың мақаласында көрсетілген көптеген бағыттарды жүйелі түрде жүзеге асыруда. Университетте «Айналаңды нұрландыр», «ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап», «Салауатты өмір», «Green campus» жобалары табысты жүзеге асуда. Бұл жобалар - жастарды азаматтық және рухани-адамгершілік тұрғыдан тәрбиелеуге қосқан үлесі болып табылады. Осы аталған жобалар аясында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің факультеттерінде бірнеше ғылыми-танымдық, тәрбиелік маңызы бар іс-шаралар өткізілді. 


Еліміздің Президенті Қазақстанның киелі жерлерін насихаттау мəселесіне басым көңіл бөлді. Аталған мақаланың бір бағыты "Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары" жобасы аясында түрлі іс-шараларды жүзеге асыруда университет факультеттеріндегі клубтар белсенді жұмыс істеді. Бұл жоба еліміздегі тарихи-мәдени ескерткіштерді жаңғырту, сақтау, дамыту, халыққа таныту, оларды насихаттау, тарихын жете зерделеу болып табылады. Бұл ұлттық бірегейліктің басты тірегі бола алады. 


«Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы арқылы мәдени жауһарларымызды әлемге танытудың жаңа тәсілдері қарастырылады. Бұл жоба халқымызға жаңа рух, жаңа серпін береді. Тарихымыз да, руханиятымыз да бұл жобаның аясына енеді. Осы жоба аясында ел Тәуелсіздігі мен Алматы қаласы туралы студенттерге арнайы ғылыми-танымдық іс-шаралар ұйымдастырылды. Мұндай іс-шаралар - келген қонақтарға, жастарға, шетелдіктерге заманауи мультимедиялық жүйелер арқылы қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде барлық ұлттардың қызығушылығын біріктіретін Алматының бүгінгі көрінісі, мәдени-саяси жүйесінің маңыздылығы туралы, ел мәдениетінің ерекшеліктері жөнінде мағлұмат алуға мүмкіндік берді. 


Тағы бір үлкен жоба, бұл - "Жаңа гуманитарлық білім, қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық" жобасы. Орта ғасырда өмір сүрген Жүсіп Баласағұн: «Өнер, білім - қос қанаты адамның, осыменен білерсің тілін ғаламның»,- деп жазып кеткеніндей, жоба әлемнің озық, заманауи және таңдаулы үлгілері негізінде жастарға жаңа деңгейдегі сапалы білім беруді қамтамасыз етуді көздейді. «ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап» жобасы аясында «Әлем әдебиетінің алыбы» атты ашық тәрбиелік іс-шарасын өткізді. 


Осы өткізілген ғылыми-танымдық шаралар студенттерді Қазақстанның тілін, тарихын және мәдениетін құрметтеуге үйретуде өз үлесін қосты деуге болады. Нақты жаңғыру - білім биігіне, ғибратты ғылымға, өнімді еңбекке талпыну деп санауға болады.




А.Е. Саденова., Г.К. Атабаева

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушылары


 




Көрілген: 472    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 06.05.2019, 00:13

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Сәуір, 10:35
    Жыл басы – Наурыз
    13 Ақпан, 15:34
    Жырлайды жүрек
    17 Қаңтар, 19:01
    Шығыстың қос шыңы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31