Жаңалықтар

Білім және ғылым министрі Ұлттық кеңестің ұсыныстарын назарға алып, жұмыс істеуде

  • Білім және ғылым министрі Ұлттық кеңестің ұсыныстарын назарға алып, жұмыс істеуде

    Білім және ғылым министрі Ұлттық кеңестің ұсыныстарын назарға алып, жұмыс істеуде

Министр А. Аймағамбетов ағымдағы жылдың мамыр айында Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің қойған міндеттері туралы егжей-тегжейлі Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазба жариялады.

Ағымдағы жылдың 27 мамырында ҚР Президентінің қатысуымен білім беру және денсаулық сақтау мәселелеріне арналған Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысы өткен болатын.

Отырыста Президент кеңес мүшелерінің назарын білім беру саласына байланысты міндеттерге аударып, білім беру саласын қаржыландыру көлемінің жеткіліксіздігін атап өткен. Бұның нәтижесінде еліміздегі білім беру сапасы мен мектеп инфрақұрылымы дамыған елдерден айтарлықтай артта қалуға алып келген.

«Оқушылардың білім деңгейін халықаралық бағалау нәтижелері Қазақстанның дамыған елдерден едәуір артта қалғанын көосетіп отыр. Мұның себептері көп, бастысы &mdash білім беруге бөлінетін қаражаттың жеткіліксіздігі және осы саладағы реформалардың жүйесіздігі мен дұрыс ойластырылмағандығы» - деді Президент отырыста. Ол педагогикалық мамандықтарға түсу үшін талаптарды арттыру қажет екенін және оның тартымдылығын арттыру үшін стипендияны 26 000 теңгеден 42 000 теңгеге дейін арттыру қажет екенін атап өтті.

Бүгін Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов әлеуметтік желідегі парақшасында Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі мүшелерінің мамырдағы жиында жасаған ұсыныстары қалай жүзеге асырылып жатқаны туралы баяндады:

«Ағымдағы жылдың мамыр айының соңында ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің кезекті отырысы өтті, онда басты тақырып білім мен ғылымды дамыту болды.

ҰКСҚ отырысының қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы білім және ғылым жүйесін ілгерілетуге бағытталған маңызды тапсырмалар берді.

Осындай тапсырмалардың бірі педагогикалық мамандықтарға түсетін талапкерлерге сынақ сапасын арттыру және бір мезгілде стипендия мөлшерін 42 мың теңгеге дейін өсіру болды.

Өткен жылы стипендия мөлшері 21 мың теңгені құраса, содан кейін желтоқсан айында, Президенттің тапсырмасынан кейін 26 мыңға дейін өсті, енді 1 қыркүйектен бастап болашақ оқытушылар 42 мың теңге мөлшерінде ең жоғары стипендия алатын болады. Кешеден бастап студенттер жоғары стипендия ала бастады.

Сондай-ақ, осы жылдың маусым айында педагогикалық мамандықтарға түсу үшін шекті балл бірден 70-ке көтерілді.

Осы шаралардың және «Педагог мәртебесі туралы» Заңның қабылдануының арқасында биылдың өзінде педагогиканы таңдаған «Алтын белгі» иегерлерінің саны 1,7 есеге артты. Ал көптеген бағыттар бойынша орташа балл 100-ден жоғары болды. Бірнеше жыл бұрын педагогикаға түсушілердің орташа балы шамамен 65-ті құраған. Демек, енді бұл салаға жоғары балдары бар білімі мықты түлектер түсе бастады.

ҰҚСК тапсырмалары аясында қыркүйек айынан бастап докторанттардың стипендиясы 102 мыңнан 150 мың теңгеге дейін ұлғайды. Мұндай шара жас ғалымдарға жақсы қолдау болады деген сенімдемін. Өйткені докторанттардың көбісінің отбасылары бар және бұл олардың зерттеулерін жүргізумен айналысуына мүмкіндік береді.
Бұдан басқа, 2020 жылғы қыркүйектен бастап мемлекеттік гранттың құны еселеп өсті, бұл жоғары оқу орындары оқытушыларының жалақысын өсіруге және МТБ-ны нығайтуға мүмкіндік береді.

ҰҚСК қорытындысы бойынша берілген Президенттің барлық тапсырмалары ерекше бақылауда және белгіленген мерзімде орындалатын болады», - деп жазған А.Аймағамбетов.

«Үшінші отырыс аясында министрлік алдында ҰҚСК мүшелері дайындаған міндеттер айтылды. Еліміздегі карантин мен енгізілген төтенше жағдайға қарамастан, Ұлттық кеңестің Білім министрлігіне қойған барлық міндеттері толық көлемде жүзеге асырылуда. Алға қойылған міндеттер бойынша барлық ведомстволардан осындай белсенді және жедел кері байланысты күтеміз» - дейді Президенттің көмекшісі, Ұлттың кеңестің хатшысы Ерлан Қарин.




Көрілген: 338    Пікірлер: 0

сейсенбі, 29.09.2020, 17:00

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31