Жаңалықтар

Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетіне жаңа басшы келді

  • Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетіне жаңа басшы келді

    Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетіне жаңа басшы келді

ҚР Білім және ғылым министрінің бұйрығымен Гүлзат Ісбасарқызы Көбенова ҚР Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Гүлзат Көбенова 1978 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген. Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін, Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1998 жылы Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің тарих кафедрасының оқытушысы болып бастаған. 2002-2009 жылдары Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінде және Ақтөбе педагогикалық институтында басшылық қызметтерді атқарды. 2009 жылдан бастап 2010 жылға дейін — ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетінің ақпарат басқармасының сарапшысы, басшысы қызметтерін атқарды. 2010 жылдан бастап 2018 жылға дейін ҚР Білім және ғылым министрлігінде басшылық лауазымдарда жұмыс істеді. 2018-2019 жылдары — ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Назарбаев кітапханасы директорының орынбасары. 2019 жылғы қаңтар-қыркүйек аралығында ҚР Президенті Кеңсесінің сектор меңгерушісі және инспекторы лауазымдарын атқарды. 2019 жылғы қыркүйектен бастап 2020 жылғы қаңтарға дейін — ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрайымы. 2020 жылғы қаңтардан бастап қазірге дейін ҚР БҒМ Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы болып жұмыс істеді.
inform.kz




Көрілген: 475    Пікірлер: 0

сейсенбі, 22.06.2021, 18:11

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    8 Қыркүйек, 17:27
    Жолдауға қолдау

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30