Жаңалықтар

Білім кеңістігіндегі 35 жыл

  • Білім кеңістігіндегі 35 жыл

    Білім кеңістігіндегі 35 жыл

Қазақстандағы жоғары білім берудің флагманы, мықты мамандар мен элита даярлайтын ғылым орталығы, қазақ еліндегі ғылым мен білімнің тұнығына айналған көшбасшы оқу орны &ndash əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің кәсіби әрі шебер білім беру әлемінде жоғары деңгейде аянбай еңбек етіп, білім беріп, 35 жыл бойы білім әлемінде желкен керіп келе жатқан 

Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының биыл мерейтойы.  

 

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ЖОО дейінгі білім беру факультеті шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы 1985 жылы орыс тілін шетел азаматтарына үйрету үшін құрылған.  Ал 1991-1992 оқу жылдарынан бастап аталған факультетке алғаш қазақ тілін үйрену үшін келген шетел азаматтары үшін арнайы топтар ашылып, оларға қазақ тілін үйретудің жаңа бір бағыты бастау алды.   

 

 

Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы құрылғанынан бастап, ұжымының ғылыми-практикалық еңбектері, орыс тілін шет тілі ретінде және қазақ тілін шет тілі ретінде меңгеру теориясының ғылыми негізін қалыптастырып, өзге тілді оқыту практикасын дамытып,  өзіндік платформа жасай бастады.

 

 

1985 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін қазақстандық лингвистикадағы орыс тілін шет тілі ретінде және 1991 жылдан бастап қазақ тілін шет тілі ретінде меңгерудің  қолданбалы бағытының даму кезеңі деп атауға болады. XX ғасырдың соңы мен XXI ғасырдың басындағы Республика өміріндегі саяси, экономикалық, мәдени өзгерістерімен байланысты экстралингвистикалық факторлармен қатысты қос және көптілділік жағдайында дамыту қажет болды. Қазір кафедрада орыс тілімен қоса қазақ тілін меңгерудің теориялық қағидалары дәрісханалық жұмыс жасауда толығымен қолданыс тапқан, өзіндік ғылыми-әдістемелік мектебі пайда болғанын сенімділікпен айтуға болады.

 

 

Қазақ тілін шет тілі ретінде оқыту үйренушінің тілдік қарым-қатынас құзыретінің қалыптасуын қамтамасыз ететін, тиісті тілдік материалдарды меңгерудегі және оқу технологиялық сипаттағы біліктілік пен дағдылардың қалыптасуына бағытталған көп деңгейлі, көп қырлы күрделі үрдіс болып табылады.

 

 

Шетел азаматтары оқитын факультетте қазақ тілін оқытудың стратегиялық мақсаты &ndash қазақ тілін мәдениетаралық коммуникацияның әртүрлі салаларында қарым-қатынас құралы ретінде меңгерген тілдік тұлғаның негіздерін қалыптастыру.

 

 

Біздің факультетіміз бүгінгі күні университеттегі бірден бір шетелдік жастардың басын қосатын, білім алғысы келетін әрбір шетелдік азаматқа өзіміздің ұлттық ерекшеліктерімізді сақтай, ескере отырып, бағыт - бағдар беруші руханият ордасына айналып отыр. Ғылыми әрі кәсіби дәрежелері жоғары, білікті де білгір оқытушылардың тынымсыз ізденістерінің, қажырлы еңбектерінің нәтижесінде студенттердің әр түрлі деңгейдегі білімге деген сұраныстарын қанағаттандыру, қызығушылық танытқан шетелдік азаматтардың таным көкжиектерін кеңейту бағытында әр түрлі іс - шаралар ұйымдастыруды дәстүрге айналдырған.

 

 

 

ф.ғ.к. Мұсаева Г.А.

аға оқытушы Дүйсенбаева Р.И.

Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті

Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы




Көрілген: 474    Пікірлер: 0

сейсенбі, 06.10.2020, 15:23

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31