Жаңалықтар

Білім министрі бүгін оқушылар ҰБТ-ны қалай тапсырып жатқанын айтты

  • Білім министрі бүгін оқушылар ҰБТ-ны қалай тапсырып жатқанын айтты

    Білім министрі бүгін оқушылар ҰБТ-ны қалай тапсырып жатқанын айтты

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Нұр-Сұлтан қаласындағы С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті базасында орналасқан ҰБТ өткізу пунктінде болды. Бұл туралы Oinet.kz тілшісі ҚР БҒМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство басшысы талапкерлерді аудиторияларға кіргізу процесін бақылап, оларға сәттілік тіледі. - Балалардың көңіл-күйі өте жақсы. Менің ойымша, атқарылған барлық шаралар – тестілеу тапсыру уақытын ұзарту, калькуляторларды пайдалануға рұқсат ету, мектептегі қорытынды емтихандардан босату және көптеген тегін байқау сынақтары айтарлықтай септігін тигізді. Бұл пунктіде ата-аналар барынша тәртіп сақтап, балаларын тестілеу пунктіне әкелген соң бірден кетіп отырды. Бұл - өте маңызды. Еліміз бойынша таңғы сағат 8-де барлық балалар аудиторияларға кіргізілді, өйткені балаларды көшеде ұстамай, ҰБТ-ны уақытында бастау маңызды. Аудиторияларда да балалар әдеттегіден әлдеқайда аз және балалардың қауіпсіздігі үшін тестілеу тапсырылатын лектердің жалпы саны 5-тен 15-ке дейін ұзартылды. Санитарлық талаптар да толығымен сақталуда, – деп атап өтті Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов. ҰБТ өткізілетін әрбір пунктте медициналық-санитарлық нормаларға сәйкес барлық тестіленушілер дезинфекциялаудың 5 кезеңінен өтті: дезинфекциялық тоннельден өту, арнайы дезинфекцияланған кілемшеде аяқ киімдерді зарарсыздандыру, дене қызуын өлшеу, қолды зарарсыздандыру сұйықтығымен өңдеу, медициналық маскалар беру. Тестілеуге кіргізу және отырғызу кезінде тестіленушілер арасындағы арақашықтықтың кемінде 2 метр болуы қамтамасыз етілді. Әрбір аудитория бактерицидтік құралдармен және ауа рециркуляторларымен кезең-кезеңмен желдетіліп, өңделетін болады. Аудиториялар тек 35%-ға дейін толтырылған, әрқайсысында 10-18 адамнан. Өткен жылы бір аудиторияда орташа есеппен 50 талапкерден болған. Биыл еліміз бойынша 131 755 адам ҰБТ тапсыруға ниет білдірген, оның 111 109-ы немесе 82% осы оқу жылының мектеп түлектері. Жалпы, карантинге қарамастан, өткен жылмен салыстырғанда ҰБТ тапсыруға ниет білдірген түлектердің саны 12%-ға артып отыр. 




Көрілген: 385    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 22.06.2020, 01:29

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Қыркүйек, 00:14
    БАЛАНЫҢ КӨЗІНШЕ...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30