Жаңалықтар

Білім министрі мектептер ағылшын тілінде сабақ беруге қандай жағдайда көшетінін айтты

  • © Sputnik / Владислав Воднев

    © Sputnik / Владислав Воднев

Білім ордалары ағылшын тілінде сабақ беруге мектеп толығымен дайын болған жағдайда ғана көшеді. Бұл туралы бүгін білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.


Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында білім министрі үштілділік мәселесіне тоқталды.


"Ең бірінші мәселе – қазақ тілін оқыту. Екінші орыс тілі, ағылшын тілі. Тілдерді оқыту деңгейге байланысты төрт дағдыны дамытуға бағытталады. Яғни, ол тыңдау, айту, сөйлеу және жазу. Сондықтан балаларға ағылшын тілінде сабақ беру тек 10 және 11 сыныпта, баланың тілдік қабілеті жеткілікті болған жағдайда және мектеп дайын болғанда мектептің шешімімен жүретін болады", - деді Шәмшидинова.


Оның айтуынша, қазір 153 мектеп ағылшын тілінде сабақ беру бағдарламасына көшкен. Білім министрлігі бұл оқу орындарына мониторинг жасап отыр.


"Осы мониторингтің нәтижесінде оқушылар мен ұстаздарға қиындық келтірген мәселелер анықталып, болашақта басқа мектептерге көмек ретінде берілетін болады", деді министр.

Сонымен қатар, Шәмшидинова еліміздегі апатты және үш ауысымдық мектептердің мәселесі қалай шешілетінін айтты.


"Алдағы үш жылда 190 мектеп салынады. Оның 89-ы үш ауысымдық, 13-і апатты, 72-сі орын тапшылығы бар мектептердің мәселесін шешеді", - деді ол.


Министрдің айтуынша, болашақта мектеп құрылысына ақша бала санына байланысты бөлінеді. Білім ордасының қайда және қалай салынатынын жергілікті атқарушы органдар шешеді.


Шәмшидинова тәуелсіздік жылдары ішінде елімізде 1672 мектеп бой көтергенін тілге тиек етті. Айтуынша, орта білімнің инфрақұрылымы бірінші кезекте үш ауысымдық, апатты және орын тапшылығы бар мектептердің мәселесін шешетін болады.


 




Көрілген: 915    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 06.05.2019, 16:29

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Сәуір, 10:35
    Жыл басы – Наурыз
    13 Ақпан, 15:34
    Жырлайды жүрек
    17 Қаңтар, 19:01
    Шығыстың қос шыңы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31