Жаңалықтар

Білім министрі оқулықтан қате тапқанын айтты

  • © Sputnik / Абзал Калиев.

    © Sputnik / Абзал Калиев.

Қазақстанның білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектеп оқулығынан қате тапқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.


"Оқулықтардың сапасына қатысты мәселе жыл сайын көтеріледі. Қоғам тарапынан көп сұрақ қойылып, сын-ескертпе жиі айтылады. Шыны керек, проблема бар, қателер кездеседі. Біреулер қате басылып кетті дейді, енді біреулер техникалық ақаулық деп ақталады. Алайда халықты бұл себептер қызықтырмайды. Халыққа сапалы оқулық керек", - деді Аймағамбетов астанада өткен жиында.


Министр өзі де мектеп оқулықтарынан қате тапқанын жеткізді. Оның сөзіне қарағанда, орыс әдебиеті оқулықтарында кейіпкерлердің біресе аты, біресе фамилиясы жазылады. Бұдан бөлек, ағылшын сөздері қазақ және орыс тілдеріне дұрыс аударылмайды.


"Мен өзім әдейі бірнеше оқулықты алып қарадым. Шынымды айтсам, өзім де бірнеше қате таптым. Ол қателер қайдан шығып жатыр? Министрлікке не істеу керек? Бүгін осы жайында сөйлесеміз", - деп атап көрсетті Аймағамбетов.


Ресми мәліметке сәйкес, бүгінде оқулықтардың 40 проценті мектептерге жеткізілді. 1 қыркүйекке дейін осы жұмысты толығымен аяқтау жоспарланып отыр.


 




Көрілген: 995    Пікірлер: 0

бейсенбі, 08.08.2019, 16:38

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    30 Қараша, 02:44
    Біз жастарға сенеміз
    17 Қыркүйек, 18:06
    Тіл – татулық тірегі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31