Жаңалықтар

Білім министрі оқытушылардың жаппай жұмыстан қуылуына қатысты түсініктеме берді

  • Білім министрі оқытушылардың жаппай жұмыстан қуылуына қатысты түсініктеме берді

    Білім министрі оқытушылардың жаппай жұмыстан қуылуына қатысты түсініктеме берді

Нархоздың оқытушылары шетелдік ректордың жүргізіп отырған саясатына қарсы. Қазақстанның білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов оқытушылардың жаппай жұмыстан шығарылуына байланысты Нархоз университетінде тексеріс басталғанын хабарлады.


"Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті азаматтардың шағымына байланысты жұмыс жүргізіп жатыр. Бұл ресми түрде орындалып, прокуратура органдарында тіркеледі", - деп хабарлады білім министрі.


ЖОО-дағы тексеріс нәтижелерін Аймағамбетов 15-16 тамызда хабарлауға уәде берді.


Нархоздағы шу

Бір апта бұрын Нархоздың бұрынғы оқытушылары ЖОО ректорына шағымданып, білім және ғылым министріне арыз жазды.


Олар университеттің қазіргі ректоры – АҚШ азаматы Эндрю Вахтельдің білім беру стратегиясына наразылығын білдірді.


"Ректор жиналыста қазақ және орыс тілі пәні оқытушыларын он жылдан кейін көрмеуге үміттенетінін айтты. Оның пікірінше, бұл пәндер Қазақстан экономикасы саласы үшін мамандар әзірлеуге қажет емес", - делінген арызда.


Оқытушылар жазғандай, ректор білім беру курстарының бірінде оқулық пайдалануға тыйым салып, студенттің "өзі жетуі керек" деп түсіндірген.


Сонымен қатар Қазақстан тарихының дұрыс оқытылмауы да педагогтардың ашуын келтіріп отыр. Олардың сөзіне жүгінсек, ректор посткеңестік кеңістікте тұрып жатқан ұлт өкілдерін менсінбей сөйлейді екен.


Нархоз оқытушыларының жазған арызы мен білім министрінің берген жауабын мына сілтеме арқылы толығырақ оқи аласыз.


Министрлік арызды оқып, Нархозда осы жайтқа қатысты тексеріс жүргізілетінін айтты. 




Көрілген: 1515    Пікірлер: 0

сейсенбі, 06.08.2019, 18:41

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    30 Қараша, 02:44
    Біз жастарға сенеміз
    17 Қыркүйек, 18:06
    Тіл – татулық тірегі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31