Жаңалықтар

Білім министрлігі балалар мектепке қандай киіммен бара алатынын айтып берді

  • Білім министрлігі балалар мектепке қандай киіммен бара алатынын айтып берді

    Білім министрлігі балалар мектепке қандай киіммен бара алатынын айтып берді

ҚР Білім және ғылым министрлігі ата-аналарды мазалайтын “Оқушылар мектепке қандай киіммен барады” деген ең басты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Министр мектеп формасының орнына классикалық киім киіп бара алады деген ақпараттан кейін ата-аналар арасында түсініспеушілік туындады. Олар балаларын мектепке қалай киіндіретіндерін білмей дал болды. 

 
“Міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар сақталады. Бірақ әлеуметтік-экономикалық және эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, сабаққа классикалық үлгідегі киімде қатысуға рұқсат етіледі. Яғни, бұл ақ-қара түсті киімдер. Бұған мектеп формасын сатып алып үлгермеген немесе отбасының жағдайы нашар болған жағдайда рұқсат беріледі”, – дейді Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрағасы Жомарт Қарамбаев.


Мектеп формасын тағы бір жыл кимеуге рұқсат берілді: Кәсіпкерлер Аймағамбетовтің шешіміне наразылық білдіруде

Елімізде мектеп формасын алуға келген ата-аналар кезекте сағаттап күтуге мәжбүр

Асхат Аймағамбетов үш апта бұрын балалардың "мектепке тек мектеп формасымен ғана емес, сонымен қатар классикалық киіммен де баруға болады" деген ресми ақпаратынан кейін ата-аналардың сұрақтары көбейген. 

Белгілі болғандай, балаларға мектепке түрлі-түсті, жылтыраған киімдермен баруға рұқсат етілмейді. Рұқсат етілген форманың басты айырмашылығы барлығына бірдей талап қойылмайтынында. 

“Мектеп киімдерінің форматын әр мектептің өзі шешеді. Және әр сынып өзі шешеді. Әр сыныпта қамқоршылық кеңес, ата-аналар комитеті бар. Олар сынып жетекшісімен бірге мектеп формасы қандай болатынын шешуі керек. Енді ата -аналардың қалауы мен мүмкіндігіне қарай болады. Егер сіздің барлығымен бірдей киім сатып алуға мүмкіндігіңіз болмаса, онда баланы мектепке классикалық үлгідегі киіммен жіберуіңіз керек”, – деп түсіндірді  СҚО білім басқармасының басшысы Гүлмира Каримова.

Stan.kz




Көрілген: 268    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 25.08.2021, 10:50

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    23 Қазан, 00:34
    Ұстаз мерейі
    24 Қыркүйек, 17:13
    Табиғаттың өзі емші!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31