Жаңалықтар

Білім министрлігі биылғы ҰБТ жайлы өзгерістер мен қатаң ережелер туралы ескертті

  • Білім министрлігі биылғы ҰБТ жайлы өзгерістер мен қатаң ережелер туралы ескертті

    Білім министрлігі биылғы ҰБТ жайлы өзгерістер мен қатаң ережелер туралы ескертті

 ҰБТ кезінде тәртіп бұзған оқушылар бір жыл ішінде қайта тестілеуді тапсыру мүмкіндігінен айырылады. Бұл туралы онлайн брифинг барысында "Ұлттық тестілеу орталығы" РМҚК директорының орынбасары Наужан Дидарбекова мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Ағымдағы жылы Ұлттық бірыңғай тестілеуге өзгерістер енгізіледі. Атап айтқанда, заңсыз әрекеттерге баратын азаматтарға жазалау күшейтілетін болады. Бұрын бітірушіні тестілеу кезінде тыйым салынған заттарды пайдаланғанда ғана тестілеуден шығара алатын болса, енді оны тестілеуге кіру кезінде табылған жағдайдың өзінде шеттетіледі", - деді Наужан Дидарбекова.

Мұндай жағдайда түлектер бір жыл ішінде ҰБТ-ны қайта тапсыру құқығынан айырылады. Сонымен қатар, тыйым салынған заттар табылған талапкерлердің тестілерінің нәтижелері жойылады.

Сондай-ақ брифингте өзінің орнына тестілеуге басқа адамды кіргізуге тырысатындар үшін де жаза енгізу туралы хабарлады.

"Мұндай тәртіп бұзғаны үшін жаза - бір жылға ҰБТ тапсыру құқығынан айыру", - деп түсіндірді Наужан Дидарбекова.

Stan.kz




Көрілген: 430    Пікірлер: 0

сенбі, 11.04.2020, 14:31

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Маусым, 15:52
    Балаларға базарлық!
    23 Сәуір, 15:14
    Жеңіс күні

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30