Жаңалықтар

Білім министрлігі диплом беруді электронды форматқа көшірмекші

  • © Sputnik / Болат Шайхинов

    © Sputnik / Болат Шайхинов

Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова жоғары оқу орындарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қалай жүргізіліп жатқанын айтып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.


Шәмшидинованың айтуынша, білім және ғылым министрлігі білім жүйесін толығымен электронды форматқа көшіруді жоспарлап отыр.


"Диплом беру, диплом алу – барлығы электронды форматқа көшіріледі. Сонда ғана жемқорлыққа жол берілмейді. Егер электронды форматта болса, бақылау болады", - деді министр журналистерге.


Сондай-ақ, ол жоғары оқу орындарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жаңа курс енгізіліп жатқанын атап өтті.


"Біз бұл жұмысты бастап кеттік. Биыл сауалнама жүргізген кезде, балалардың 70%-тен астамы жемқорлықпен бетпе-бет келмегенін айтты. Бірақ қалған процент бізді әлі де алаңдатады, сондықтан бұл бағытта жұмысты жалғастырамыз", - деп сендірді Шәмшидинова.


Бұған қоса, министр емтихан жұмыстарын анонимді тексеру жүйесін енгізу, барлық жұмысты антиплагиатқа тексеру жемқорлыққа тосқауыл болатынын айтты.


 




Көрілген: 246    Пікірлер: 0

сейсенбі, 21.05.2019, 15:29

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Сәуір, 10:35
    Жыл басы – Наурыз
    13 Ақпан, 15:34
    Жырлайды жүрек

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30