Жаңалықтар

Білім министрлігі «шаңсорғыш» ЖОО-ларды атады

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Халық арасында «шаңсорғыш» атанған университеттердің лицензияларын қайтарып алу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрайымы Гүлзат Көбенова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Министрліктің Facebook-парақшасында өткен онлайн-брифинг барысында ол соңғы уақытта кейбір жоғары оқу орындары неліктен «шаңсорғыш» атанып кеткендігіне тоқталды.

 

«Себебі, бұл ЖОО-ларға басқа ЖОО-лардан немесе шетелдік ЖОО-лардан ауысып келіп жатқан студенттер өте көп. Мұндай университеттердің қатарында Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университеті, Өңірлік әлеуметтік-инновациялық университеті мен басқа ЖОО-лар бар. Бұл ретте, министрлік өз тарапынан мұндай ЖОО-лармен күресуді көздеп отыр. Осы жылы Өңірлік әлеуметтік-инновациялық университет сот шешімімен лицензиясынан айырылды. Бүгінгі таңда 2 ЖОО-ның лицензиясы уақытша тоқтатылды. Ол - Қонаев атындағы Еуразия заң академиясы және Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясы»,- деді ол.

 

Комитет төрайымы кейбір жоғары оқу орындары лицензияларының қосымшаларынан айырылғанын айтады.

 

«Мысалы, Сырдария университеті. 4 ЖОО өз тарапынан кейбір лицензияларының қосымшаларын қайтарды. Себебі профессорлық-оқытушылық құрамы жетіспейді немесе материалдық-техникалық базасы сәйкес келмейді. Ал Талдықорғандағы Жолдасбеков атындағы экономика және құқық академиясы осы оқу жылы аяқталған соң, өз еркімен лицензиясын қайтарады», - деді Гүлзат Көбенова.

 




Көрілген: 331    Пікірлер: 0

бейсенбі, 11.06.2020, 17:59

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Қыркүйек, 00:14
    БАЛАНЫҢ КӨЗІНШЕ...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30