Жаңалықтар

Білім саласын түбегейлі реформалау қажет – мемлекет басшысы

  • © Sputnik / Абзал Калиев.

    © Sputnik / Абзал Калиев.

Дағдарыстың бір жақсы тұсы барлық кемшіліктің бетін ашады. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік комиссияның отырысында айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

 

"Азаматтар карантиндік режимге ауысып, мектептер мен университеттерде қашықтан оқыту енгізілгеннен кейін интернет жүйесі жүктемені көтере алмады. Жүйелі кемшіліктер анықталды. Білім министрлігі теледидар арқылы сабақ өткізуге мәжбүр болды, асыра жарнамаланған E-Learning жүйесі үмітті ақтамады. E-gov-та да ақаулар байқалды", - деді Тоқаев.

 

Президент вирустан кейінгі кезеңде билік қазіргі жағдайдан сабақ алып, талдау жүргізуі керек екенін айтты.

 

Бірақ бастысы, шын мәнісінде цифрлық мемлекетке айналу үшін IT саланы жаңа сапалы деңгейге шығару жоспарын әзірлеу қажет, деп жалғастырды ол.

 

"Келесі жыл мемлекетімізді тиімді цифрландыру ұранымен өтуі тиіс. Жаңа тәжірибені ескере отырып, "Цифрлы Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын қайта қарау қажет. Әрине, қосымша қаржы шығындамастан. Алдымызда денсаулық сақтау, білім және ғылым салаларын түбегейлі реформалау міндеті тұр. Дағдарыстың жақсы тұсы, бұған дейін айтқанымдай, барлық кемшіліктің бетін ашады, үлкен мүмкіндіктер береді. Біз мұны пайдалануымыз керек", - деді Тоқаев.

 

Президент реформаларды әзірлеу жұмысын қазірден бастау керектігін айтты.


 




Көрілген: 562    Пікірлер: 0

жұма, 10.04.2020, 17:27

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Маусым, 15:52
    Балаларға базарлық!
    23 Сәуір, 15:14
    Жеңіс күні

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30