Жаңалықтар

Білім саласындағы былық: Эльмира Суханбердиева бастаған жемқорлардың тізімі жарияланды (ВИДЕО)

  • Білім саласындағы былық: Эльмира Суханбердиева бастаған жемқорлардың тізімі жарияланды  (ВИДЕО)

    Білім саласындағы былық: Эльмира Суханбердиева бастаған жемқорлардың тізімі жарияланды (ВИДЕО)

 Соңғы үш жылдың ішінде білім беру саласында 450 жемқорлық фактісі тіркелген. Сотқа 355 қылмыстық іс жолданды. Осы қылмыстар бойынша 178 адам сотталды.


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мұғалімдер арасында түсіндіру жұмыстарын бастады. Бүгін астанада арнайы жиын өтіп, сол жерде білім саласындағы жемқорлардың толық тізімі жарияланды, деп хабарлайды Sputnik.



Жиналыс кезінде астаналық мұғалімдерге арнайы бейнеролик көрсетілді. Онда білім саласындағы жемқорлардың істеріне шолу жасалады. Роликтің басында бұрынғы Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева мен №3 мектеп гимназиясының бұрынғы директоры Елена Шеверняеваның ісі жайында айтылады.


Одан кейін «Кәсіпқор» холдингінің басқарма төрағасы Елдана Сәдуақасованың қылмысы баяндалған. Ол өндірістік құрал-жабдықтарға бөлінген 2,4 миллион АҚШ долларын жымқырып кеткен.


Бұдан бөлек, Ақтөбе, Маңғыстау, Қарағанды, Шығыс Қазақстан мен Алматы облыстарында болған жемқорлық әрекеттердің толық тізімі жасалыпты. Соның барлығы видеода көрсетілген.


Агенттіктің ақпараты бойынша, соңғы үш жылдың ішінде білім беру саласында 450 жемқорлық фактісі тіркелген. Сотқа 355 қылмыстық іс жолданды. Осы қылмыстар бойынша 178 адам сотталды.


Sputnik.




Көрілген: 2675    Пікірлер: 0

сейсенбі, 15.10.2019, 14:38

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қыркүйек, 18:06
    Тіл – татулық тірегі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30