Жаңалықтар

Білім вице-министрі еліміздегі университеттердің жабылу себебін түсіндірді

  • Білім вице-министрі еліміздегі университеттердің жабылу себебін түсіндірді

    Білім вице-министрі еліміздегі университеттердің жабылу себебін түсіндірді

Соңғы уақытта еліміздің Білім және ғылым министрлігі кейбір жоғары және арнаулы оқу орындарының лицензиясын алып, шетінен жауып жатыр. Оған не себеп және ол процес қалай жүріп жатыр ҚР Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Білім сапасын қамтамасыз ете алмаған жоғары оқу орны толығымен жабылған жағдайда сол оқу орнының иелері қыруар қаржыдан айырылады. Бұл олар үшін көңіл көншітерлік мәселе емес екені түсінікті. Дегенмен, біз ештеңеге қарамастан, сапалы білім алуға жағдай жасай алмаған жоғары оқу орындарын жауып жатырмыз. Бір ғана мысал келтірейін. Бұған дейін жабылған бір жекеменшік жоғары оқу орнының тек бір жыл ішіндегі табысы 4 миллиард теңге болатын. Яғни ол оқу орнының құрылтайшылары енді кіріс көзінен біржола айырылды. Бұл &ndash үлкен қаржы. Бас лицензиясынан айырылған басқа да жоғары оқу орындары бар. Олардың құрылтайшылары да мұндай жағдайда қол қусырып қарап отырмайтыны түсінікті", - деп жазды Дәуленов өзінің Facebook парақшасында.

Оның мәлімдеуінше, жоғары оқу орындары тек бас лицензиясынан айырылған жағдайда толығымен жабылады.

"Одан бөлек жоғары оқу орындарында мамандарды дайындауға рұқсат беретін әр бағыт бойынша лицензиялар бар. Қандай да бір бағыт бойынша сапалы білім беруді қамтамасыз ете алмаған ЖОО-лардан сол лицензияларды да қайтарып алып жатырмыз. Бұл жұмыстың да сол ЖОО иелеріне ұнамайтыны, жоспарларына қайшы келіп жатқаны мәлім. Жекелеген бағыттар бойынша лицензиядан айыру жұмыстары тек жекеменшік жоғары оқу орындарына ғана қатысты емес, сонымен қатар мемлекеттік ЖОО-ларда да жүзеге асырылуда", - дейді ол.

Сондай-ақ, Дәуленов өз парақшасында өткен жылы алғаш рет республикалық комиссияның шешімімен 36 жоғары оқу орнына мемлекеттік гранттарды орналастыру бойынша конкурсқа қатысуға рұқсат берілмегін мәлім етті. Және бұл ЖОО меншік иелері үшін күтпеген жағдай болған.

"Бірақ, бүгінгі жазбам бұл мәселе төңірегінде емес. «әлсіз» университеттерді жауып жатқанымыздың басты себептерін қоғам білуі тиіс. Осы жазбам арқылы баршаңызға айтып, жеткізгім келеді. Білім сапасын қамтамасыз ете алмаса да, дипломдарды оңды-солды беріп жатқан жоғары оқу орындарының жабылуы &ndash елдің және Қазақстанда өмір сүретін әрбір азаматтың қауіпсіздігіне тікелей байланысты жұмыс", - деді министр орынбасары.

Одан бөлек, вице-министр жоғары білім беру сапасын арттыру қажеттігін айта келе, ол бағытта қандай жұмыс істелініп жатқанына тоқталып өтті.

Біріншіден, нарықтық механизмдер.
Академиялық еркіндік. Заңнамаға енгізілген толықтырулар мен өзгертулер бүгінде жоғары оқу орындарына білім беру бағдарламаларын дербес әзірлеуге, білім мазмұнын құрып, академиялық мәселелер бойынша басқа да шешімдер қабылдауға мүмкіндік беріп отыр.

Сонымен қатар 2021 жылдан бастап жоғары оқу орындары мемлекеттік емес, өзіндік жеке үлгідегі диплом беретін болады.

Академиялық адалдық қағидаттары жүйелі түрде енгізіліп жатыр, гранттардың құны ұлғайып, жұмыс берушілер тарапынан жоғары оқу орындарына қойылатын талаптар да күшейіп жатыр. Сондай-ақ түлектерді сертификаттау да енгізілгенін атап өткен жөн.
Бұл шын мәнінде жемісін беретін маңызды шаралар. Сондықтан, осы шараларға баса назар аударып отырмыз.

Екіншіден, жоғары оқу орындарының жабылуы.

Біз сапасыз білім беретін университеттер нарықта өз орнын қашан жоғалтатынын күтіп немесе «барлығы өзі реттеледі» деп отыра алмаймыз. Мәселен, өткен жылы біз жоғары оқу орнын тексеріп, оның жабылатынын жарияладық. ЖОО бұл шешімге шағымданып, нәтижесінде сот отырыстары жарты жылға созылды. Ал, оқу орнындағы білім сапасының төмендігі мен университеттің жабылатындығын біле тұра, студенттер басқа оқу орнына ауысуға асықпады.

Айта кету керек, студенттер күндізгі бөлімде білім алатын, бірақ сабаққа қатыспайтын, емтихан тапсырмайтын жоғары оқу орындары бар (тіпті студенттерге жұмыс тапсырмайды). Олардың көпшілігі 30 жастан асқан азаматтар және 1 курстан бастап зейнетақы жарналары бар. Демек олар оқымайды, бірақ диплом алу үшін университетте тізімделеді. Ал ЖОО аталған жағдайға көз жұмып, мұндай студенттерден сабаққа қатысу және емтихан тапсыру емес, тек ақы төлеуді талап етеді. Бұлай болмауы керек!
Нәтижесінде мұндай ЖОО-лар қандай болашақ маманды даярлап шығаратыны айтпаса да түсінікті. Осындай әлсіз оқу орындарынан шыққан түлектер ертең балаларымызға "сабақ" беріп, "үй" салады, халықты "емдейді", "әділ" үкім шығарады...

Жұмыс оқу процесіне кедергі келтірмеуі керек. Оқу мен жұмысты қатар алып жүргендер бар, әрине. Мұндай студенттер оқуларын жақсылап оқып, емтихандарын тапсырып, білім беру бағдарламасын игеру нәтижелері бойынша ғана диплом алуы керек.

Бұрын заңгерлерді даярлайтын тек 2 жоғары оқу орны болса, қазіргі таңда олардың саны 72-ге дейін өсті. Болашақ педагогтерді бүгінде 70 (!) ЖОО даярлайды. Сондай-ақ заңгерлер мен педагогтерді көбінесе нақты осы бағыттар бойынша бейінделмеген университеттер дайындайды.

Осылайша, инженерлер, педагогтер мен заңгерлер тиісті материалдық-техникалық базасы жоқ техникалық жоғары оқу орындарында білім алады.
Қазіргі таңда жоғары оқу орындарының «негізсіз жабылғанын» дәлелдеуге талпынып жүрген адамдардың әрекеттерін де оңай байқауға болады. Немесе бұл тексерулер еш ескертусіз күтпеген жерден басталғанын, яки Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті тексерісті кенеттен бастап кеткендігін айтып жатады. Әрине, бұл шындыққа жанаспайды.

Кәсіпкерлік Кодекске сәйкес тексеру жұмыстарына шек қойылғанына бірнеше жыл болды.

Тексерілетін нысандардың тізімі алдын ала жасалады. Кейін бұл тексерулер тіркеліп, тізім жарияланады. Жүргізілген бірінші тексеру жұмыстарынан кейін анықталған кемшіліктерді түзетуге айтарлықтай уақыт беріледі. Сондай-ақ бұл кемшіліктерді жоюға тағы екі мәрте мүмкіндік беріледі. Кемшіліктер жойылмаған жағдайда ЖОО бірден жабылып қалмайды, іс алдымен сотта қаралады.

Кейбір университеттер оқу орнында заңнаманы бұзып, келген комиссияны кіргізбей қояды. Олар тексеру туралы хабарламаны алдын ала алады. Бұл ретте барлық тексеру жұмыстары заңнамада белгіленген тәртіппен прокуратура органдарында тіркелетінін айта кеткім келеді.

Егер университеттің студенттерге беретін білім сапасына еш күмәні болмаса, ЖОО тексеру жұмыстарына не себепті кедергі келтіруі мүмкін?!

Осындай жоғары оқу орындарының бірінде оқитын студенттер өткен жылдың ақпан айында ЖОО-да білім алу үшін ешқандай жағдай жасалмағанын айтып, «дәрісханалар суық, жылу жоқ, тамақтануға және жеке гигиена үшін қарапайым жағдайлар қарастырылмаған» деп шағымданды.

Жоғары оқу орнында оқытушының бос лауазымына жарияланған конкурстардың әділетсіз өткізілуі мен жұмыс келісімшартын ұзартудан негізсіз бас тарту фактілері бойынша да азаматтардан шағымдар келіп түсті. Кейін бұл фактілер сотта расталды.
Түлектерінің жұмысқа орналасу көрсеткіштері жоғары болса, жұмыс берушілер тарапы жақсы баға беріп жатса, мықты жоғары оқу орындарын ешкім жаппайды. Студенттерді білім нәрімен сусындататын сапалы оқу орындарын біз үнемі қолдап отырамыз, оларға жағдай жасаймыз.

Расында, елімізде мықты жоғары оқу орындары көп және біз оларды мақтан тұтып, барынша қолдау көрсетіп жатырмыз.

Жоғары білім беру сапасын арттыру бойынша жүйелі жұмыс одан әрі жалғасатын болады.

Еске сала кетсек, бұған дейін министрлік Алматыдағы Қазақ медициналық университетін лицензиясынан айырған еді. Өз кезегінде аталған ЖОО-ныңлицензиядан айырудың әділетсіз екенін алға тартты.




Көрілген: 513    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 22.02.2021, 13:46

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    6 Қаңтар, 18:48
    Мен жаңашыл ұстазбын

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28