Жаңалықтар

Білім вице-министрі өзіне тағылған айыпқа қатысты пікір білдірді

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

ҚР Білім және ғылым вице-министрі Рүстем Биғари өзін жемқор деп айыптаған жандардың әрекетін «медиабопса» деп атады. Бұл туралы ол өзінің Facebook парақшасына жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


«Бұған дейін бірқатар БАҚ-та мені және әріптестерімді сыбайлас жемқорлыққа және лауазымын теріс мақсатта пайдаланды деп айыптаған ақпарат пайда болған. Мемлекеттік қызмет туралы Заңның 52-бабына сәйкес, мемлекеттік қызметшіге көпшілік алдында негізсіз айып тағылған жағдайда, ол мұндай айып тағылған күннен бастап бір ай мерзімде теріске шығару жөнінде шаралар қолданылуы тиіс. Маған бағытталған тексеру аяқталды (құжатты қоса салып отырмын). Сәйкесінше, А. Қайырбекованың маған таққан айыптарының бәрі негізсіз», - дейді вице-министр.


Рүстем Биғари өз жазбасында оқиғаның қалай өрбігенін қайтадан еске алып, өзінің бұл лауазымға орналасқан күннен бастап қандай оқиғаларды бастан өткергенін баяндаған.


«Сол кезде біз кемшіліктерді жою және ақпараттық қауіпсіздік талаптарын қамтамасыз ету үшін ҰБДБ сынағынан өту сияқты тез, тиімді және шығынсыз (мәлімделген 89 млн теңге екі есе қысқартылды) талдау жүргіздік. Мұны істеу өте маңызды болды, өйткені ОДБ-да елдегі барлық балалар туралы дербес деректер сақталған және ол бөгде қолдарға түсуі мүмкін еді. Сонымен, жоспар дайындалып, 2018 жылдың қыркүйек айында әкімшілік жұмыс және мемлекеттік сатып алу департаментіне тапсырылды. Алайда, департамент талап үстіне талап қосып, рәсімді соза түсті», - деп жазды ол.


Министрлік өкілі бұл айыптауды «медибопса» деп атап, өзінің қызметтегі әрекеті кейбіреулерге тиімсіз болған деген болжам жасайды.


«Мүмкін, кейбіреулерге автоматтандыру процестері мен білім беру жүйесіндегі ашықтық тиімсіз шығар. Бұл «медиабопсаны» жариялауға БАҚ өкілдерінің асықпағанын атап өткім келеді», - деп жазды вице-министр.


Еске салсақ, Рүстем Айдарбекұлы Биғари 2018 маусымда ҚР Білім және ғылым вице-министрі лауазымына тағайындалған болатын.


 


 


 


 




 




Көрілген: 526    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 02.09.2019, 09:58

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қыркүйек, 18:06
    Тіл – татулық тірегі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30