Білімді елдің білікті ұрпақтары!

Білімді елдің білікті ұрпақтары!

Бүгінгі студент – ертеңгі маман. Сондықтан қазіргі таңдағы білім сапасына сай құзіретті мұғалімдерді дайындауда студенттердің педагогикалық тәжірибесінің алатын орны ерекше де маңызды.
Педагогикалық тәжірибе жоғары оқу орнындағы, оқу-тәрбие үрдісінің құрамдас бөлімі. Болашақ мұғалімдерді сапалы даярлауда, олардың таңдаған мамандығына сүйіспеншіліктерін, мұғалімге тән белгі-қасиеттерін қалыптастыруда, өз бетімен жұмыс жасауда педагогикалық тәжірибенің маңызы өте зор. Педагогикалық тәжірибе кезінде студент өзінің алған теориялық білімін тәжірибеде көрсете алады. Білімін тереңдетіп, оны кеңейте түседі.
Педагогикалық тәжірибенің негізгі міндеттерінің бірі - болашақ жас мамандардың психологиялық-педагогикалық әдістемелік жағынан дайындығын ұштай түсетіндігі.
Педагогикалық тәжірибеден өту кезінде студент-ізденуші өзінің қаншалықты мамандықты дұрыс таңдай алғандығына, өзінің жеке дара тұлғалық қабілеттерінің болашақ мамандығымен үйлесімділігіне басты назар аударады. Студент-ізденуші іс-әрекетін жіті талдай алады, сабақ беру барысында барысында туындаған қиыншылықтарды іскерлікпен шеше алады.
Педагогикалық тәжірибе кезінде болашақ мұғалімнің оқушымен қарым-қатынас психологиясын меңгеруі, әр оқушымен жұмыс тәжірибесі, оқушылардың өзін-өзі басқаруына жағдай жасай білуі т.б. мінез-құлықтарының қалыптасуына ықпал ету әдістерін меңгеруі тәжірибенің маңыздылығын айқындай түседі.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология және әлем тілдері факультетінің шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының 4-курс студенттері М.Базарбаев атындағы №138-мектеп-гимназиясында педагогикалық тәжірибеден өтті. Тәжірибе өту барысында студенттер өздерінің бекітілген сыныптарымен жоғары деңгейде жұмыс жасап, бекітілген сыныптармен әр аптаның сейсенбі күндерінде берілген тақырыпта сынып сағаттарын өткізді. Өткізілген сынып сағаттарында жинаған мәліметтерін жүйелі түрде пайдалана алды.
«Шетел филологиясы» мамандығының студенттері бекітілген сыныптарға тек сынып сағаттарын өтіп қана қойған жоқ, сонымен қатар ағылшын пәнінен сабақтар жүргізді. Сабақтары жоғары деңгейде өтті және сабақ барысында көрнекі құралдарды барынша көп пайдаланды. Мысалы, интерактивті тақта, тақырыпқа қатысты түрлі бейнебаяндар, оқу бағдарламасынан тыс қосымша материалдар, суреттер, постерлер. Сабақ жүргізу әдістерін де барынша орынды пайдаланып, бастауыш сыныптарына сергіту сәтін жүргізіп отырды.
«Шетел филологиясы» мамандығының студенттері бекітілген тақырыптарға байланысты ашық сабақтарын өткізді. Ашық сабақтары жоғары деңгейде өтіп қана қойған жоқ, сонымен қатар сабаққа ізденуші студенттер, сынып жетекшілері, пән мұғалімдері қатысты. Сабақ барысында студенттер түрлі әдістерді пайдаланды: топтық жұмыстар, тақтамен жұмыс, жеке оқушының жұмысы, интерактивті тақтамен жұмыс, бүкіл сыныппен жұмыс. Сабақ соңында ашық сабақ қорытындысына арналған арнайы пікірталас өткізілді, сабақтың кемшіліктері мен артықшылықтары айқындалды.
Тәжірибе кезінде студенттер педагогика және психология кафедрасының оқытушыларының берген тапсырмалары бойынша кейбір жекеленген оқушыларға және сынып ұжымына психологиялық-педагогикалық мінездеме толтырды. Педагогикалық тәжірибенің соңғы аптасында студенттер есеп беру құжаттарын дайындады.
Педагогикалық тәжірибе барысында, студенттер болашақ мамандығының қыр-сырын танып, психологиялық және кәсіби бейімделуден сәтті өтті. Студенттер тәжірибе кезінде өздерін мұғалім ретінде сезінуге мүмкіндікке ие болып, мектеп оқушыларымен қарым-қатынас жасау ерекшеліктерін үйренді.
Қорыта айтқанда, «Шетел филологиясы» мамандығының студенттері педагогикалық тәжірибелерін жоғары деңгейде өтіп, келешекте жақсы маман иесі болатындықтарын дәлелдеп шықты.
Болашақта білікті, білімді ұрпақты тәрбиелеуде, өз үлестерін қосатын, жақсы маман болады деп толықтай сенім білдіреміз!

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің,
филология және әлем тілдері факультеті,
шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының
аға оқытушысы Э.К.Бектурова

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста