Жаңалықтар

Білімді кітаптан ізде, жас буын!

  • Білімді кітаптан ізде, жас буын!

    Білімді кітаптан ізде, жас буын!

Білім көзі әрқашан кітапта болған. Жас кезімізде қолымыздан кітап түспей, бірі-бірімізден сұрап оқып, кейін оны бірлесе талқылап ой-өрісіміз бен білімімізді арттырушы едік. Қазіргі заман жастарына бір көз салсам, қолдарынан смартфондары түспей, бар бос уақытын телефон ішіндегі әлемде өткізетінін байқадым. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің филология және әлем тілдері факультетінің студенттеріне шетел тілдерін үйрету барысында олардың бойына осы асыл қасыиет – кітапқа деген сүйіспеншіліктерін дамытайын деп шештім.


Өйткені тектілік тұнған киелі қара шаңырақта ҚАЗҰУ студенттеріне сабақ берудегі мақсатым еңсесі биік, мақсаты айқын, қапталына қара салдырмас тарланбоздарға сапалы білім мен саналы тәрбиені бойларына сіңіріп, жаны сүйген мамандықтың майталманы болуларына басқа да барша ұстаздар секілді кішкентай да болса үлес қосуды межелі міндетке айналдырдым. Талай тарланды түлетіп, тектілер тұрағына айналған бұл факультетте студенттер қазақ әдебиетінің әйдектеріне айналған тұлғалардың туындыларымен ғана сусындап қоймай, университет ректорының бастауымен жүзеге асырылып жатқан «100 кітап» жобасы бойынша студенттер әлем әдебиетінің, әсіресе ағылшын әдебиетінің кесек пішінді ғұлама жазушыларының пайымды еңбектерімен біте қайнасып өздерінің таным табиғатын түрлендіруге, көкжиектерін кеңейтуге бел шеше кірістім. Шетел шығармаларын оқытудағы мақсатым студенттерге ағылшын тілінде еркін ойын жеткізіп, ауызекі тілде мүдірмей сөйлеуді үйрету және АҚШ және Батыс елдерінің мәдениетін жетік меңгерту. Студенттер ағылшынның үздік тәрбиелік мәні бар кітаптарын оқу арқылы адами құндылықты арттыруға, түйсік-парасатын тереңдетуге, болмыс-бітімін байытуға мүмкіндіктері мол.Қорыта айтқанда, шетел классиктерінің туындылары адам ойының өрістігін арттырып, кеңістігін кеңейтіп, жан-жақты дамытуы сөзсіз. Ол үшін барымды салып, талмай еңбек етем. Ал одан ары қарай алып жүру жалынды ҚазҰУ студенттерінің өз қолында!.


Әл-Фараби атындағы ҚазҰУШетел филологиясы және аударма ісі


кафедрасының аға оқытушысыИскакова Г.Н. 




Көрілген: 800    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 08.05.2019, 15:51

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Сәуір, 10:35
    Жыл басы – Наурыз

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31