Жаңалықтар

"Білімге құштар еді": Гарвард деканы қайтыс болған Ақназар Қажымұрат жайлы айтты

  • "Білімге құштар еді": Гарвард деканы қайтыс болған Ақназар Қажымұрат жайлы айтты

Гарвард деканы Ракеш Хурана студенттерге және колледж қызметкерлеріне Алматыда белгісіз себептермен қайтыс болған Ақназар Қажымұраттың өлімі жайлы мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Ақназардың математикадан табиғи таланты бар еді. Басқа студенттерге математика бойынша көмектесу үшін уақытын кампуста өткізетін және өзгелерге қол ұшын созуға дайын тұратын. Мен оны білімге құштар және басқаларға үй тапсырмасы немесе өзге де жағдайларда көмектесуге дайын адам ретін білетінмін", - деп жазды Хурана. 

 
Декан Ақназарды колледждің қадірлі әрі сүйікті мүшесі деп атады. Сонымен қатар Ақназардың елдегі жүздеген студентті жігерлендіріп, еңбектің арқасында үлкен жетістікке жетуге болатынын көрсетті деп қосып өтті. 

Деканның айтуынша, Қажымұрат бірінші курсты аяқтаған соң 2020 жылдың көктемінен бастап демалыс алған.


Назарбаевтан бата алған: Қазақстандық оқушы Гарвардқа оқуға түсудің сырымен бөлісті

Халықаралық емтихан тапсырған алматылық оқушы елді таңғалдырды

"Мұндай жаңалық бәріміздің жанымызға батары анық. Ақназардың өлімін естіген біздердің қандай сезімде отырғандарыңызды сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес", - деп жазды ол. 

Гарвардтағы Thecrimson.com студенттік газетінің жазуынша оқу орнындағы Орталық Азия студенттер ассоциациясы Қажымұраттың өлімінен кейін Instagram желісі арқылы көңіл айтқан.

"Көбіміз Ақниетті жеке таныдық, оның бойындағы қасиеттер Гарвардтағы достарына ұнайтын. Жаны жәннатта болсын деп дұға етеміз", - делінген хабарламада. 

Ассоциация марқұмның отбасына да қайғыра көңіл айтты.

Еске салайық, 5 қазан күні Ақназар Қажымұраттың денесі Бостандық ауданы аумағынан табылған еді. Марқұмның денесінен зорлықпен өлтіру белгілері анықталмаған. Өлім себебін белгілеу үшін сот-медициналық сараптамасы тағайындалған. 




Көрілген: 718    Пікірлер: 0

бейсенбі, 11.11.2021, 16:42

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31