Жаңалықтар

БІЛІМГЕ СЕНЕР ЗАМАНДА ҚАПЫ ҚАЛЫП ЖҮРМЕЙІК

  • БІЛІМГЕ СЕНЕР ЗАМАНДА ҚАПЫ ҚАЛЫП ЖҮРМЕЙІК

    БІЛІМГЕ СЕНЕР ЗАМАНДА ҚАПЫ ҚАЛЫП ЖҮРМЕЙІК

Еліміздің қарқынды дамуы барысында білім саласы түрлі дәуірлік құбылыстарды бастан өткізуде. Күн өткен сайын жаңа белестерді бағындырып, дамып, білім баспалдағымен жоғары өрлеуде деп толықтай айта аламыз. Осы тұста елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауы «Қазақстан-2050» саяси бағыты» туралы тілге тиек етпеске болмас. Аталмыш жаңа саяси бағыт қазақстандықтардың өмірінің барлық саласын қамтиды, сонымен қатар еліміздің алдағы жылдарға жоспарланған стратегиялық мақсаттармен міндеттерін айқындаған бүкіл халыққа, жалпы ортақ еңбек қоғамына үндеген аса маңызды құжат болып табылады.


Президентіміз Қазақстан халқына жолдауында: «Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімдік деңгейімен айқындалады» деп айтылған. Егемендік алған тәуелсіз Қазақстанның әлемдік өркениетке жетудегі бірден-бір дара жолы – білім жүйесі. Қазіргі кезеңдегі басты мәселенің бірі жаңа технологиялардың дамуы кезеңінде болашақ ұрпақтың тәрбиесі мен білім алуында ұстаздардың атқаратын рөлі ерекше. Егемен еліміздің болашағы, оның әлемдік өркениеттегі өз орны, ең алдымен білім мен тәрбиенің бастауы – ұстаз қолында» -деп атап көрсеткен болатын.

Бүгінгі таңда Елбасының бастамасын әрі қарай өрге жоғарылату жолында жоғары оқу орындары мен ондағы ұстаздардың қарқыны өте белсенді. Мысал ретінде, Қазақстанда білім деңгейі жағынын көш басында тұрған Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетін айтсақ болады. Елбасы Қазақстанның жоғары оқу орындарына әлемдегі ең үздік 200 ЖОО қатарына кіру міндетін қойып отыр. ҚазҰУ әлемдік кеңістікте мойындалған еліміздің жетекші университеті ретінде осы маңызды мемлекеттік тапсырманы іске асыруда мақсатты жұмыс атқаруда. Соңғы бес жылда университетіміз «QS WUR» рейтингісінде 400-ден астам позицияға көтерілді. Әлемдік тәжірибеде бірде-бір университет осындай өсу динамикасына қол жеткізбеген!

QS әлемдегі барша мемлекеттермен танылған беделді және көптеген жылдар бойы әлемдегі үздік жоғары оқу орындарының жаһандық рейтингісін жүргізіп келе жатқан ықпалды халықаралық агенттіктердің бірі екендігі мәлім. Міне, университетіміз осы жылы Халықаралық QS рейтингісі бойынша әлемдегі үздік 230-топ университет қатарына еніп 220 орынды иемденді. Сонымен қатар Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ТМД университеттері арасында екінші орында тұр және Қазақстан ЖОО арасындағы ең үздік университет болып саналады.

Бұл деңгейге қалай қол жеткіздік? Әрине, бұл – білім берудің мақсаты мен міндеттері, іс мазмұны едәуір өзгеріске ұшырап, жаңаша мәнге ие болуы. Ұстаздардың талмай ізденісі мен еңбегінің, жоғарғы деңгейдегі білімінің жемісі. Білім ордасындағы озат студенттердің үздік білім нәрімен сусындап, сол білімдерін іс жүзінде дәлелдеуі. Шет елдік оқу орындары мен ондағы мамандармен білім, тәжірибе алмасуы. Кадрлар даярлаудағы жаңа бағыттар мен жоспарлар және заман талаптарына сай озық үлгідегі технологияларды пайдалану, ерекше білім технологиялары мен талаптарын игеру, жаңалық ашуы. Сонымен бірге университетіміз сапалы білім берумен қатар тәлім алушыларды жан-жақты болуға тәрбиелейді. Осының барлығы білім ордасында бір арнаға тоғысып, жетістіктердің алғышарты болып отыр.

Қазақтың біртуар азаматы А.Байтұрсынұлы: «Білекке сенер заманда ешкімге есе бермедік. Білімге сенер заманда қапы қалып жүрмейік» деген сөз қалдырған. Тұлғаның өз заманында қалдырған бүл өсиеті дәл қазір көрініс тапқандай. Қазақстанның болашағы білімді жастар қолында! Сол себепті саналы ұрпақ тәрбиелеу ең маңызды әрекет болып табылады. Осы тұста Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеі қажырлы да қарқынды істер атқаруда. Қара шаңырақтан жоғары әрі сапалы білім игерген, жан-жақты қалыптасқан түлектер түлеп ұшып, еліміздің қай саласын болмасын дамытуға өз үлестерін қосуда. Оқу ордасындағы «Экономика және бизнес жоғары мектебі» факультетіндегі «Қаржы» кафедрасын айтуға болады. Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев 2018 жылғы қазан айындағы Қазақстан халқына жолдауында: «Үш жыл бұрын «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарын жарияладық.

Еліміздің Үшінші жаңғыруына кірістік. Оның басты міндеті – Қазақстанның жаһандық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін экономикалық өсімнің жаңа моделін құру.

Еліміздің орнықты дамуы өмір сүру деңгейін одан әрі арттыруға деген зор сенім ұялатады. Біз жаңа міндеттерді атқаруға дайынбыз» деген болатын. Бұл бастамаға үлес қосу барысында «Экономика және бизнес жоғары мектебі» факультетінің «Қаржы» кафедрасы көп еңбек атқарып келе жатыр. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Экономика және бизнес жоғары мектебі 1949 жылы іргесі қаланып, 1963 жылы Алма-ата халық шаруашылығы институтының құрылуына негіз болған, Қазақстандағы жоғары білікті экономистерді даярлайтын ең алғашқы және кең ауқымды қамтитын орын. Көптеген ғылым докторлары, ғылым кандидаттары мен докторларды қоса алғанда кәсіби біліктілігі өте жоғары профессорлық-оқытушылық құраммен жасақталған. Факультетімізде университеттің дәстүрлі болмысы мен оқытудың заманауи әдістері үйлесім тапқан. Жыл сайын экономика және бизнес, менеджмент және маркетинг, қаржы, есеп және аудит саласында факультеттен 500-дан астам бакалавр, магистр және докторлар түлеп ұшып, алған білім бойынша еңбек етуде. Сонымен бірге Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі қарамағындағы Экономика институтымен тығыз байланыста жүргізілетін ғылыми зерттеулер мен ғылыми мектептердің сабақтастығына студенттерді белсенді қатыстыру қолға алынған. Тұрақты түрде жүзеге асырылатын халықаралық жобалар мен шетелдік серіктес университеттерде білім алу мүмкіндігі қарастырылған. Қызықты іс-шараларға толы, мәнді әрі мағыналы студенттік өмір мен қолайлы жағдайлар жасалған. Бір сөзбен айтқанда, еліміздің дамуына сүбелі үлес қосқан көптеген отандық ғалымдар, беделді мемлекеттік қызметкерлер, табысты кәсіпкерлер, жоғары оқу орындарының ректорлары, атақты спортшылардың қара шаңырағы деп мақтанышпен айта аламыз.

Қорыта айтқанда, болашақтың кілті – білімде. Мемлекетіміз осы тұрғыда талмай әрекеттену жолында ізденісте келе жатыр. Шынында, өнеглі әрі саналы ұрпақ тәрбиелеу оңай шаруа емес. Төзімділік пен табандылықты, ізденісті талап етеді. Сол себепті осы қарқынымызды жоғалтпай, оны әлі де жаңа деңгейге дамыту жайын әр кез ойлаған жөн. Болашақта бұданда жемісті асуларды бағындырып, еліміздің өркендеуіне бұдан да көп үлес қосу үшін еңбек ететін боламыз. Ойымызды ұлы ғұлама Әбу Насыр Әл-Фарабидың мынадай сөзімен аяқтағым келеді: «Білімді болу деген сөздің мағынасы — белгісіз нәрсені ашуға қабілетті болу деген ұғым». Қазір өсіп келе жатқан жас буынның болашақта бәсекеге қабілетті, елім дейтін ұрпақ болып жетілетініне сенім мол. Тарихымых тамырын терең жайып, болашағымыз жарқын болғай!




Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Экономика және бизнес жоғары мектебі

«Қаржы» кафедрасының

доценті, э.ғ.к. Даулиева Ғ.Р.


 


 




Көрілген: 443    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 20.03.2019, 14:24

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Сәуір, 10:35
    Жыл басы – Наурыз
    13 Ақпан, 15:34
    Жырлайды жүрек
    17 Қаңтар, 19:01
    Шығыстың қос шыңы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31