Жаңалықтар

Білімнің негізі – бастауыш!

  • https://alashainasy.kz/

    https://alashainasy.kz/

К.Д.Ушинский біз сөзінде «Мұғалім ісі сырттай қарапайым болғанымен, ең ұлы істердің бірі» - деген екен.

 

Расында, мұғалім мамандығы өте маңызды мамандық. Уақыт сырғыған сайын өзгеріп отыратын білім мазмұнын жетік меңгере отырып, баланың санасына білім нәрін құйып, тұлғалық қасиетін аша білетін ұстаздың сан қырлылығына тәнті боласың.

 

Ұстаз – шығармашыл, дана, ізденімпаз тұлға болатын болса, ол оқушының бақыты емес пе? Ұстаз - оқушыларын өз баласынан кем көрмей, еңбек ете білудің қыр-сырын танытып, жетістігіне шын жүректен қуанып, өмір жолын айқындап беретін ардақты жан. Ал болашаққа апаратын жүрдек пойыздың алдымен "бастауыштың" бекетіне келіп тоқтайтыны хақ! Яғни, әр баланың болашағының кірпіші бастауыш сыныпта қаланады.

 

"Өз тәжірибем жайлы айтар болсам, қиындығы мен қызықшылығы қатар жүретін игі істің басында жүргеніме биыл 8 жыл болыпты. Осы уақыт аралығында өз таңдауыма еш өкінген емеспін. Ақ пен қараны ажырата алмай алдыма келген әр балаға бар мейірімімді төгіп 42 әріпті ықыласыммен үйретіп, әр баланың жүрегіне жол тауып, өз анасындай болып келемін. Білім берумен қатар, тәрбиенің тал бесіктен басталатынын жете ұғынып, жас ұрпақтың бойына ізгілік жолын ұсынғаным үшін кеудемді мақтаныш кернейді. Әр балаға жеке-жеке көңіл бөліп, өзіне тән мінез-құлқымен әдеп дағдысын дұрыс жолға бағыт алғанын қадағалап отыратынымды бір сәт естен шығарған емеспін. Бәсекеге қабілетті білімді ұрпақтың болашаққа апарар жолдамасын мен ұсынатыным менің бойымды жауапкершілік биігіне апарады. Осыған орай, менің мақсатым – өз ойын ашық айтып, өз көзқарасын айқындай білетін ақпарат кеңістігіне еркін бойлап,өмір өзенінің ағысына қарсы жүзе алатын көшбасшы дайындау".

 

Егеменді еліміздің ертеңі – болашақ ұрпақта. Тәуелсіздігіміз бен елдігімізді сақтап қалу үшін жастарымыз білімді, білікті болуы тиіс. Сондықтан баланың білім алуын назардан тыс қалдырмауымыз керек. Білімді ұрпақ қана ел тізгінін ұстар дара тұлға болмақ.

 

Білімнің негізі – бастауыш демей ме? Сондықтан баланың жан-жақты дамып, тұлғалық қасиеттерінің бастауышта қаланатыны айқын!

 

Бектас Құралай Өтепқызы
Алматы қаласы Алатау ауданы
И.Қ.Мандоки атындағы №154 ЖББМ
бастауыш сынып мұғалімі

 




Көрілген: 245    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 18.05.2020, 09:48

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Маусым, 15:52
    Балаларға базарлық!
    23 Сәуір, 15:14
    Жеңіс күні

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30