Жаңалықтар

Болашақпен оқуға түсушілерге қандай талаптар қойылады

  • https://baq.kz/

    https://baq.kz/

БҒМ-нің аппарат жиналысында «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Айнұр Қарбозова «Болашақ» стипендиясына құжаттарды қабылдау барысы және атқарылып жатқан жұмысы туралы баяндады.

 

2020 жылы 6 мамырда Үкімет Қаулысымен бекітілген жаңа іріктеу ережесіне сәйкес сапалық өзгерістер шеңберіндегі барлық үміткерге ортақ талап қойылады. Басым мамандықтар тізбесінен мамандығы бойынша ұсынылатын ЖОО тізіміне енгізілген шетелдік ЖОО-дан шартсыз шақырудың болуы. Бұл – бірінші талап. Екіншіден, мемлекеттік тілді игеру көрсеткіші Қазтесттің кемінде В1 көрсеткішін алу. Яғни, 105 сұрақтың кемінде 105-іне дұрыс жауап беруі керек, - деп түсіндірді Айнұр Қарбозова.

 

Айтуынша, жоғарыда айтылғандар бағдарламаның негізгі талаптары.

 

2021 жылы «Болашақ» бағдарламасы шеңберінде 5 оқу бағдарламасы ұсынылды. Соның ішінде магистратура, ауылды жерлерден қатысатындар үшін магистратура, медицина үшін резидентура, докторантура және тағылымдама. Тағылымдаманың шетелде кадрларды даярлау республикалық комиссиясының шешімімен 6 санаты бекітілді. Олар – ғалымдар, педагогикалық, денсаулық сақтау, инженерлік-техникалық қызметкерлер, мемқызметшілер және мәдениет пен спорт саласы қызметкерлері, - деді орталық президенті жиналыста.

 

Айтуынша, осы жылы бөлінген шекті стипендия саны – 1 055. Оның 555-і академиялық магистратура, докторантура, резидентура және тағылымдаманың 5 санатына бөлінеді. Қалған 500 стипендия ғалымдарға бөлініп отыр.

 

Қазіргі күні құжат қабылдау жүріп жатыр. Яғни, 4 мамырда басталған құжат қабылдау процесі 28 қазанға дейін жүргізіледі.

 

 

 

baq.kz




Көрілген: 496    Пікірлер: 0

жұма, 01.10.2021, 17:34

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    23 Қазан, 00:34
    Ұстаз мерейі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31