Жаңалықтар

"Бір мектепте 50 бала оқиды": Елордада мектеп директоры орын тапшылығын айтып шу көтерді

  • "Бір мектепте 50 бала оқиды": Елордада мектеп директоры орын тапшылығын айтып шу көтерді

 Астанадағы 1 200 орындық мектепте 3 600 бала оқиды екен. Үш есе артық. Тіпті кейбір білім нысандарында өткен оқу жылында бір сыныпта 50 балаға дейін отырған.


Мұны мектеп директорларының өздері көтеріп жатыр. Себебі, жыл сайын елордада оқушы саны артып келеді. Алдағы күзде шамамен 23-24 мыңдай балдырған мектеп табалдырығын аттағалы отыр. Бұл туралы Евразия арнасы хабарлайды.


Өткен қыста өзінің шағын ғана бөлмесін оқушыларға босатып берген мектеп директоры Рамзия Өмірбаева жақында тағы да осы орын тапшылығын айтып, шыр-пыр болды. Мәслихат жиынында ол елордадағы кейбір білім нысандарында бір сыныпта 50 балаға дейін отыратынын көтерді.


«Қаладағы №75 және №59 мектептерде 3,5 мыңға дейін бала оқиды. Бұл мектептердің кейбір сыныптарында 50 балаға дейін отыр. Мәселені шұғыл шешу керек. Тағы бір мәселе неге қаладағы элиталы үйлер мектеп жанынан салынады, ал басқа мектептер айдалада адам тұрмайтын жерде тұрғызылады. Келесі мәселе, мектептер неге есеппен салынбайды?», - дейді қалалық мәслихат депутаты, №17 мектеп директоры Рамзия Өмірбаева.


Дәл осы мәселені қалалық білім басқармасынан сұрадық. Орын тапшылығы бар екенін жасырмады. Бірақ мәслихат депутаты, әр мектеп директоры Рамзия ханым айтқандай, 50 бала бір сыныпта отырған емес дейді олар.


Әрбір сыныпта 50 бала отырады деген оқиға бізде орын алған жоқ. Әрине, 30-35 бала отырған сыныптар болған. Ол сұрақ бойынша әр мектепте жеке қарастырамыз. Жақын жерде тағы мектепте болса, ата-аналармен, балалармен түсіндіру жұмыстары арқылы ауыстырамыз", - деді қалалық білім басқармасының бөлім басшысы Жазира Асанова.


Кімнің сөзіне сенерімізді білмей, сол білім нысандарын араладық. Астанадағы сол жалағалауда орналасқан №59 лицейде шыныменде, орын тапшы екен. Тіпті, бала саны үш есе артық.


"1200 балаға арналған. Қазір 3600, үш есе артық отырмыз. Оқу кабинеттерінің саны аз. Баланың саны көп болған соң әрине, 40-тан артық баланы сыйғызамыз. Оларды мектепке қабылдамауға тоже құқығымыз жоқ", - деді №59 мектеп-лицейі директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары Жазигүл Бодаева.


Өткен оқу жылы осы №59 лицейден 119 бала бітірсе, қазір 500-ден аса жаңа оқушы қосылып отыр. Оның ішінде бірінші сыныптар бар, өзге өңірден көшіп келгендер, басқа мектептен ауысқандар бар.


"Оқу үлгеріміне, мұғалімнің сабақ беруіне қиындық түседі. Қазір оқу ұзақтығы 40 минут. Класта 40 бала отырса, оның әрбіріне 1 минуттан уақыт бөлуге мүмкіндік жоқ. Оның барлығы білім сапасына әсер етеді", - деді №59 мектеп-лицейі директорының оқу ісі жөніндегі Жазигүл Бодаева.


Елордада өткен оқу жылында 5 мектеп үш ауысымда жұмыс істеген. Бірақ, мәслихат депутаты көтерген 75 пен 59 лицейлер оның ішінде жоқ. Бұдан бөлек, 9 білім ордасының жанынан қосалқы құрылыс салу жоспарланған. Қыркүйекке дейін оның үшеуі іске қосылмақ.


"Олар биыл үш ауысымды режимді мектепке қосылуы мүмкін деген болжам бар. Мәслихат депутатының айтқаны соған қатысты болған шығар. 59 мектептің жанында 2020 жылы іске қосылады қосалқы құрылысы", - деді Жазира Асанова.


Қалада жыл санап оқушы саны артып келеді. Былтыр 162 мың бала білім алса, алдағы оқу жылында 183 мыңға жетеді деп есептеп отыр білім басқармасы. Бірінші сыныптың өзіне 23-24 мыңдай бүлдіршін келеді деп жоспарлауда.


Stan.kz


 




Көрілген: 346    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 05.08.2019, 21:04

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Сәуір, 10:35
    Жыл басы – Наурыз

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31