Жаңалықтар

Бір мектептің екі мұғалімнен коронавирус анықталды

  • https://24.kz/

    https://24.kz/

Осыған байланысты білім ошағы 14 тәулікке карантинге жабылды. Ал ауру жұқтырғандармен байланыста болғандар үйде оқшауланады.

 

Оқу жылының екінші тоқсан басталысымен елордадағы мектептердің бірі карантинге жабылды.

 

Нөмірі 79 мектеп-лицейде жалпы саны 3 мыңнан астам оқушы білім алады. Карантин кезінде мұнда 77 кезекші сынып ұйымдастырылған. Яғни мыңнан астам бала мектепке барып оқып жүрген.

 

Алайда екі мұғалімнен коронавирус анықталуына байланысты барлығы қашықтан оқуға көшті.

 

Мектеп каранитенге жабылғаннан кейін іші дезинфекцияланған. Ауру анықталған мұғалімдермен байланыста болғандар анықталды. Олар ПТР тест тапсырып, нәтиже шыққанға дейін үйде оқшауланады.

 

 Құралай Мұқышева, №79 мектеп-лицей директоры:

 

 &ndash Екі ұстаздың жағдайы нашар емес. Дене қызуы қалыпты. 19-ға жуық мұғалім карантинде. Екі аптадан кейін оқушылар қайта бұрынғы режимге оралады.

 

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, мұғалімдер мен оқушылардың коронавирусты жұқтыру дерегі елдің барлық өңірінде тіркеліп жатыр. Ауруды жұқытрағндардың басым бөлігі &ndash қашықтан білім алып жүргендер. Олардың індетті қашан қайда жұқтырғаны және кіммен байланысқаны тексеріліп, барлығы оқшауланады.

 

Айжан Есмағамбетова, ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы:

 

&ndash Біз бұл жерде ауырған балалардың санына емес, олармен байланыста болғандардың санына да мән беруіміз керек. Мәселен, бүгінге дейін кезекші сыныптарда оқып жүрген 302 баладан ауру анықталды. Олар 3219 адаммен байланыста болған. Ал қашықтан оқитын 740 бала 1056 адаммен байланыста болған. Яғни мектепте бала көп болған сайын аурудың тарлуы жиілеп кетуі мүмкін.

 

Еске сала кетейік, жаңа оқу жылы басталғалы елде 240-тан астам мұғалім, мыңнан астам оқушы коронавирус жұқтырған. Бүгінгі таңда 452 бала емделіп жатыр. Мектеп оқушылары үшін биыл жаңажылдық шырша мерекесі ұйымдастырылмайды.

 

 

24.kz




Көрілген: 513    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 18.11.2020, 15:26

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    6 Қаңтар, 18:48
    Мен жаңашыл ұстазбын
    20 Желтоқсан 2020
    Менің ұстазым...
    14 Желтоқсан 2020
    Тәуелсіздік туралы эссе

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31