Жаңалықтар

Бірқатар жоғары оқу орындарының лицензиясы уақытша тоқтатылды - БҒМ

  • http://www.msunews.ru/

    http://www.msunews.ru/

ҚР Білім және ғылым министрлігі бірнеше жоғары оқу орнының білім беру лицензиясының күшін тоқтатты. Бұл шешімге бірқатар жоғары оқу орнын қайта тексеру барысында Білім туралы заңнама нормаларының бұзылуы негіз болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

«Алматы» университеті, «Қайнар» академиясы, Алматы экономика және статистика академиясы, Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университеті, А.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті және «Silkway» халықаралық университетін қайта тексеру қорытындысы бойынша білім беру саласындағы заңнама нормаларының бұзылуы қайта анықталды.

 

Осыған байланысты ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті «Алматы» университеті, Алматы Экономика және статистика академиясы, Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университеті, А.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті анықталған бұзушылықтар жойылғанға дейін лицензиясының күшін тоқтатты.

 

«Қайнар» Академиясы мен «Silkway» халықаралық университетінің ісі тексеру қорытындысына шағымдануына байланысты сотта қаралуда.

 

Сот процесі аяқталғаннан кейін тиісті шаралар қабылданады.

 

Сонымен қатар М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде «құқық» даярлау бағыты бойынша (бакалавриат) лицензияға қосымшаның қолданылуы тоқтатылды.

 

Осы ретте талапкерлерді заңнамаға сәйкес білім беру қызметін жүргізуге лицензияның қолданылуы тоқтатылған жағдайда жоғары оқу орны жаңа 2020-2021 оқу жылына қабылдай алмайтындығына назар аударуларын сұраймыз.

 




Көрілген: 449    Пікірлер: 0

жұма, 28.08.2020, 16:21

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Қыркүйек, 00:14
    БАЛАНЫҢ КӨЗІНШЕ...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31