Жаңалықтар

Бірінші басшының маңындағы басы артық қызметшілерді қысқартамыз - білім министрі

  • © Informburo.kz

    © Informburo.kz

ҚР білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ведомстводағы бірінші басшының қызметін қамтамасыз ететін штаттарды қысқартатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Министр Асхат Аймағамбетов ЖОО ректорлары мен білім басқармаларының басшыларына жаңа оқу жылында қандай негізгі жұмыстар жасалу керектігін айтты.


«Министрліктің бірінші басшысының қызметін қамтамасыз ететін штаттар санын қысқарту керек. Қысқарту заң аясында жүретін болсын. Оларға басқа жұмыс ұсынамыз немесе еңбек заңнамасы бойынша алдын ала ескертіп, тиісті шаралар қабылдаймыз», - деді ол.


Ол сондай-ақ, Қазақ гуманитарлық заң университетінің жанынан құрылған Жобалар офисінің жұмысына үкіметтік емес ұйым өкілдерін белсенді қатыстыру керектігін айтты.


«Біз бұл офиске үкіметтік емес ұйым өкілдерін шақырып отырмыз. Білім саласы бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді қайта құрмақпыз. Сол бойынша ұсыныстар қабылдауға дайынбыз. Министрліктің барлық бизнес-процестері бойынша жемқорлық көрсеткішіне аудит жүргіземіз. Бір процестің неге сонша ұзаққа созылатынын, оған сырттан араласу деректері бар-жоғын анықтаймыз», - деген Асхат Аймағамбетов жемқорлықпен күрес бойынша жаңа стратегия қабылданатынын ескертті.


«Жемқорлыққа қарсы жаңа стратегия жасаймыз. Ай сайын осы мәселе бойынша есеп тыңдалатын болады. Жоғары оқу орындарының, ғылыми-зерттеу институттарының, білім басқармаларының басшылары бұл мәселеге басымен жауап береді. Қажет болса, қызметінен босатамыз. Білім басқармаларының басшыларын облыстық әкімдік тағайындағанымен, министрлік оларды қызметінен босатуға құзыретті екенін естеріңізге саламын», - деді ведомство басшысы.


 




Көрілген: 2516    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 01.07.2019, 18:31

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30