Жаңалықтар

"Бірінші кезекте қазақ тілі болуы тиіс": Аймағамбетов кітапханаларды оқулықтармен толтыру туралы тапсырма берді

  • "Бірінші кезекте қазақ тілі болуы тиіс": Аймағамбетов кітапханаларды оқулықтармен толтыру туралы тапсырма берді

 Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов кітапханаларды әдеби кітаптармен толықтыру мәселесіне қатысты тапсырма берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Кітапханаларды қажетті оқулықтармен қамтамасыз ету маңызды шаруа екенін атап өткен министр бұл тапсырманы бұдан алдын бергенін тілге тиек етті.

"Оқу сауаттылығы бойынша халықаралық зерттеулерді қарайтын болсақ, біраз проблема бар. Оны шешу үшін әрине біз көркем әдебиетті балаларға оқыту бойынша үлкен жұмыс атқаруымыз керек. Бірақ қазір кітапханаларымыз қандай жағдайда? Жалпы кітапхана қоры қандай? Кітапханашылардың жағдайы қандай? Осы сұрақтарға жауап берер болсақ, әрине бүгінгі таңда бірқатар мәселе бар. Сондықтан осы сала үлкен өзгерістерді қажет етеді", - деді Асхат Аймағамбетов мілім және ғылым министрлігінің аппараттық отырысында.

"Ахмет Байтұрсынов әдістемесі негізінде болады". Әліппе қашан енгізілетіні белгілі болды

Министр бұл бағытта жол картасы бекітілетінін жеткізді. Сондай-ақ қазақ тілді оқулықтардың бірінші кезекте қолжетімді болуын қамтамасыз етуді қадап айтты.

"Бүгінгі күні қазақ тілінде оқушылардың 70 пайызға жуығы білім алуда. Ал оқушылар кітапханаға келгенде біріншіден қазақ әдебиеті бойынша тиісті кітаптар болуы керек. Ол қолжетімді ме? Осы мәселені шешуіміз керек. Екіншіден қазақ әдебиеті бірінші болса, одан кейін дүниежүзілік әдебиет қолжетімжі болуы тиіс. Ең бірінші кезекте қазақ тілінде! Мысалы Айзек Азимов, Рэй Бредбери секілді әлемдік классиктердің қазақ тіліне аударылған кітаптары бар ма? Олар бар болғанымен кітаптарды кітапханалар мен мектептерге алып жатырмыз ба деген сұраққа берер болсақ, бұл шаруа біраз еңбекті қажет етеді. Ол балалардың көкжиегін кеңейтуіміз керек. Балалар бір жағынан қазақ, екінші жағынан дүниежүзілік әдебиеттен сусындап, өздері жетілуі тиіс. Сол арқылы оқу сауаттылығын арттыра аламыз", - деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, білім министрі қазақ тілін оқыту бағдарламасының күшейтілетінін мәлімдеген еді.

stan.kz




Көрілген: 275    Пікірлер: 0

сейсенбі, 08.09.2020, 18:27

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Қыркүйек, 00:14
    БАЛАНЫҢ КӨЗІНШЕ...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31