Жаңалықтар

Бірінші сынып оқушылары үшін қандай өзгеріс болады - Вице-министр

  • © Sputnik / Стрингер

    © Sputnik / Стрингер

Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Қаринова жаңа оқу жылында бірінші сынып оқушыларының білімі қалай бағаланатынын айтты.

 

Ол 2020 жылдан бастап бірінші сынып оқушыларына баға қоймау туралы шешім қабылданғанын еске салды. Алайда бұл пандемия кезінде қашықтан оқыту форматына ауысумен байланысты емес.

 

"Шешім шектеу шараларының шарттарымен сәйкес келді. Шын мәнісінде болашақта бірінші сынып оқушыларына баға қойылмайды. Бұл мәселеге қатысты әлемдік тәжірибе де зерделенді. Көптеген жетекші дамыған елдер осылай жұмыс істейді", - деп түсіндірді ол.

 

Айтуынша, бүлдіршіндер үшін критериалды бағалау жүйесі енгізіледі. Ол формативті (күн сайынғы жетістіктер) және жиынтық (бөлімдер мен тоқсан бойынша) бағалаудан тұрады.

 

"Биыл қашықтан оқыту басталғанда, ата-аналар көру үшін балалардың күн сайынғы жетістіктерін тіркеп отырдық. Сол себепті ережелерге өзгеріс енгізілді: күн сайын баллмен бағалау. Бұл дәл биылғы оқу жылының ерекшелігі еді", - дейді вице-министр.

 

Ата-аналарды, балалар мен мұғалімдерді бағаның өзі емес, оқу жетістіктері –оқушылардың білімі қаншалықты өскені қызықтыруға тиіс, деп түйіндеді сөзін Қаринова.

 

 

 

sputnik.kz




Көрілген: 1833    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 07.06.2021, 19:46

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31