Жаңалықтар

Бүгін Қазақстанда ҰБТ басталды

  • Бүгін Қазақстанда ҰБТ басталды

    Бүгін Қазақстанда ҰБТ басталды

Елордада ҰБТ-ны үш ЖОО базасында тапсырады: Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті және Қазақстан экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті. Қазақстанның барлық өңірінде ұлттық бірыңғай тестілеу басталды. Биыл ҰБТ-ны жүз мыңнан астам түлек тапсырады, олардың мемлекеттік білім грантын жеңіп алуға мүмкіндігі бар.


ҰБТ-2019 қалай өтіп жатыр?

2019 жылы ҰБТ 20-30 маусым аралығында 169 пунктінің базасында өтіп жатыр. Тестіні 117 242 адам таспырады, олардың арасында биылғы және былтырғы түлектер, колледж бітіргендер бар.


2019 жылы тестілеу 16-шы рет өткізіліп отыр. Осы уақытқа дейін ҰБТ-ны 1 миллион 800 мың адам тапсырған екен.


Түлектердің білімі қазақ, орыс немесе ағылшын тілінде үш міндетті және екі бейінді пән бойынша тексеріледі. Міндетті пәндер қатарына математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы және Қазақстан тарихы жатады.


Екі бейінді пән бойынша тест тапсырмаларының саны 30. Оның ішінде 20 тапсырманың бір ғана дұрыс жауабын таңдау керек, қалған он тапсырмада бір немесе бірнеше дұрыс жауап болуы мүмкін.


Тест жинағында барлығы 120 сұрақ бар. Тапсырмаларды орындауға 3 сағат 50 минут беріледі. Түлек ең жоғары дегенде 140 балл жинай алады. 




Көрілген: 249    Пікірлер: 0

бейсенбі, 20.06.2019, 09:04

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Сәуір, 10:35
    Жыл басы – Наурыз

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31