Жаңалықтар

"Бұл - өте маңызды мәселе": Аймағамбетов жаңа бұйрыққа қол қоятынын айтты

  • © Sputnik / Владислав Воднев

    © Sputnik / Владислав Воднев

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жұмысқа тұрғызғаны үшін пара алатын директорлар мәселесі қалай шешілетінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

 

"Енді, шындықты бәріміз білеміз. Өмірде қандай жағдайлар болып жатқанын да көріп жүрміз. Сондықтан ондай мәселелердің, бұндай тәуекелдердің бар екенін мойындаумыз қажет. Біз оны білеміз. Білгеннен кейін арнайы нормаға бастамашы болып, оны заңнамаға енгіздік", - деді Аймағамбетов Antikornews студиясында.

 

Министр айтуынша, бұрын мектеп директоры мұғалімді жұмысқа қабылдағанда жеке өзі шешім қабылдайтын. Ал адам өзі шешім қабылдағанда сыбайлас жемқорлық қаупі бар. Бұдан бөлек, нақты бір талаптар болмады. Енді, мұғалімді жұмысқа алу мәселесін директор жеке өзі шеше алмайды. Бәрін конкурспен өткізеді.

 

"Мысалы, бір бос орын болса, оған алдымен жарнама жасап, хабарландыру беріледі. Нақты жалақысы, жұмыстың көлемі мен талаптары да көрсетіледі. Ал үміткерлер конкурсқа өз құжаттарын тапсырады. Әрине, ашықтықты қамтамасыз ету үшін біз осы жұмыстың бәрін электронды форматқа ауыстыруымыз қажет", - деп атап көрсетті Аймағамбетов.

 

Конкурс кезінде комиссия үміткерлердің кандидатурасын қарап, кәсіби маманды таңдайтын болады. Соның нәтижесінде мектепке білікті мұғалімдер келеді.

 

"Бүгінде осы норма білім туралы заңға енді. Оны іске асыру үшін министрліктің тиісті бұйрығын дайындап жатырмыз. Мен бір-екі жұманың ішінде осы бұйрыққа өзім қол қоямын. Содан бастап жаңа норма іске асады. Бұл – өте маңызды мәселе", - деді министр.

 

Айта кетейік, мамыр айында сөйлемді ежіктеп оқитын мұғалім туралы ақпарат тараған болатын. Ол  Түркістан облысының Сарыағаш ауданындағы мектептердің бірінде орыс тілінен сабақ береді. Сөйлемді әрең оқитын адамның балаларға қалай сабақ беріп жүргенін анықтау үшін журналистер мектепке барды. Бірақ жұмыс уақтысында директор орнында болмай шықты. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарының айтуынша, ол отбасындағы жағдаймен байланысты шығып кетіпті. Ал сөйлемді ежелеп оқитын орыс тілі пәнінің мұғалімі 1 наурызға дейін балаларды оқытып келген, бүгінде декреттік демалыста.

 

 

 

 




Көрілген: 5012    Пікірлер: 0

сейсенбі, 08.06.2021, 17:02

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31