Жаңалықтар

«Бұл өте төмен көрсеткіш»: мектептерде енді экология пәні оқытылады

  • «Бұл өте төмен көрсеткіш»: мектептерде енді экология пәні оқытылады

    «Бұл өте төмен көрсеткіш»: мектептерде енді экология пәні оқытылады

Қ.Тоқаев тұрмыстық қалдықтың ауылды жерлерде де көп екенін айта келіп, ол мәселені шешудің тетіктерін ойлап табуды Экология министрлігіне тапсырды.
Бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысына төрағалық еткен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел мектептерінде экология пәнін енгізуді тапсырды.

Сондай-ақ, Президент елімізде «Waste to energy» технологиясын енгізу үшін қажетті заңнамалық база мен инвестициялық жағдай жасауды тапсырды.

«Біз күннен күнге өзектілігі артып келе жатқан экологиялық мәселелермен айналысуымыз керек. Қазір қоғамның назары да осыған аударылып отыр. Жыл сайын 5 млн тонна қатты тұрмыстық қалдық шығады. Оның тек 15%-ый ғана қайта өңделеді. Бұл өте төмен көрсеткіш», - деді Президент.

Қ.Тоқаев тұрмыстық қалдықтың ауылды жерлерде де көп екенін айта келіп, ол мәселені шешудің тетіктерін ойлап табуды Экология министрлігіне тапсырды.

«Ауылдық жерлерде рұқсат етілмеген күл-қоқыс полигондары көп. Бір рет тексеріс жүргізіп, айыппұл салу және экологиялық шараларды өткізу мәселені толық шешпейді. Бұл орайда Экология министрлігі жүйелі түрде жұмыс істеуі керек», - деді Мемлекет басшысы.

Ол сондай-ақ, қоршаған ортаға деген жанашырлық мектеп қабырғасынан басталуы тиіс екенін атап өтті. Сондықтан еліміздегі әрбір мектепте балаларға экологияны оқытатын пән қажет деді ол. 




Көрілген: 730    Пікірлер: 0

жұма, 10.07.2020, 19:20

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30