Бұрынғы Білім министрі Шәмша Беркімбаева өмірден озды

08 сәуір 2022, 00:31

80 жасқа қараған шағында қоғам қайраткері, ғалым Шәмша Беркімбаева өмірден озды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шәмша Беркімбаева 1942 жылғы 10 қазанда Алматы облысының Қаскелең ауданында дүниеге келген. 1966 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының Филология факультетін бітірген. Еңбек жолын 1966 жылы Алматы облысындағы Киров атындағы сегіз жылдық мектептің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдігінен бастаған. 1968-1970 жылдары Алматы кооператив техникумының комсомол комитетінің хатшысы, 1970-1971 жылдары Алматы облыстық комсомол комитетінің бөлім басшысы, 1971-1977 жылдары Қаскелең аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы, Алматы облыстық комсомол комитетінің бірінші хатшысы, 1977-1987 жылдары Алматы қаласы Совет аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы, Алматы облыстық партия комитетінің хатшысы қызметтерін атқарды. Қайраткер-ғалым 1987-1989 жылдары Алматы қаласындағы №12 орта мектебінің директоры,
ҚазАқпарат.