Жаңалықтар

Біз алғашқы "бакалавр" түлектерміз

  • Біз алғашқы

    Біз алғашқы "бакалавр" түлектерміз

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті еліміздегі ең беделді оқу орны. Мұнда білім алу, студент атану әр адамға бұйыра бермейтін бақыт. Қуанышқа орай, сол бақыт бізге бұйырды. Осы тұста білім саласында да үлкен бетбұрыстар болғанын айта кетсек, еліміз Еуропаның бірыңғай білім беру кеңістігіне қосылып, Болон конвенциясына қол қойды. Бұл екі деңгейлі білім беру жүйесіне көшуді қамтиды. Яғни, бірінші деңгейде бакалавриат, магистр мамандық бойынша екінші деңгей.

1992 жылы ұлттық университеттің маңдайалды факультетінің бірі механика және қолданбалы математика мамандығына түсіп, 1996 жылы қолымызға диплом алдық. Осы жылы жоғары оқу орнын бітіргендер – Қазақстандағы алғашқы бакалавр түлектер. Бұл біздің өмір жолымыздағы үлкен тарихи оқиға. Төрт жыл бірге оқыған 25 студенттің 10-ы үздік бітірді, қазіргі уақытта олар жоғары оқу орындарында шәкірттерді білім нәрімен сусындатуда. Халқымызда «Ұстаздық ету – уақыт ұту емес. Өзгенің уақытын аялау, өзіңнің уақытыңды аямау» деген ұлағатты ұғым бар. Әркімнің тағдырына жазыла бермейтін ерекше мамандық – ұстаздықты таңдағанымызға әрқашанда қуаныштымыз. Курстастардың біразы Қазақстанның түкпір-түкпірінде ел дамуына әр салада атсалысып жүр.

Неге маңдайалды деп отырмыз, алдымен соған келсек, факультет тарихы университеттің құрылуынан бастау алады. Яғни, 1934 жылы 15 қаңтарда Қазақ мемлекеттік университеті жұмысын екі факультетпен бастаса, соның бірі – физика-математика болды. Бүгінде факультет қанатын кеңге жайды. Еліміздегі математика, механика және математикалық модельдеу саласындағы жетекші ғылыми зерттеулер мен оқу орталықтарының біріне айналып, материалдық базасы ұлғайды. Оқу ордасы шетелдік университеттермен байланысты күннен-күнге нығайтып, алыс-жақын шетелдермен берік байланыс орнаған.

Қарашаңырақта ұлтымыздың маңдайына біткен біртуар азаматтар қызмет атқарды. Біздің факультеттің мақтаныштарын атап өтер болсақ, Қасымов Құлжабай Абдықалықұлы – ҚР ҰҒА академигі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Данаев Нарғозы Тұрсынбайұлы – физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚР Ұлттық Инженерлік академиясының және Халықаралық Инженерлік академиясының академигі, Қалимолдаев Мақсат Нұрадилұлы – ҚР БҒМ Ғылым комитетінің информатика және басқару мәселелері институтының директоры, Жакебаев Даурен Бакытбекұлы – Ph.D доктор, доцент, қазіргі механика-математика факультетінде декан, Урмашев Байдаулет Амантайұлы – Ақпараттық технологиялар факультетінің деканы, физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент. Біз де аға буынның ізін басып, ұлағат ұясына айналған оқу орнының атын әрбір ісімізбен асқақтатуға талпынып келеміз.

Алатау баурайындағы өзіміз оқып, тұрған ҚазҰУ қалашығының өзге оқу орындарынан ерекшелігін, мән-маңызын, тағдырымыздағы тарихи орнын айтып тауысу мүмкін емес. Бүгінгі уақыт – білімнің уақыты. Өркениеттің көшіне ілесу үшін терең әрі сапалы білім болу қажет. Біз таңдаған мамандығымыз бойынша білім алып, «Механика-математика» факультетін бітіргенімізге ризамыз. Оқу ордамыздың кез-келген жетістігі барша ұжымның ортақ жеңісі. Алдағы уақытта да біз бағындыратын белестер мен асатын асулар аз емес. Бітіруші түлектерге ақжол, университет табалдырығын жаңа аттайтын 1-курс студенттеріне сәттілік тілейміз.

Перизат Абдиманапова,

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,

Математика кафедрасының 1-курс

докторанты, аға оқытушы.

Райхан Алғожаева,

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,

Математикалық және компьютерлік

пішіндеу кафедрасының аға оқытушысы




Көрілген: 510    Пікірлер: 0

жұма, 28.05.2021, 13:21

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31