Жаңалықтар

Біз Сағадиевтің емес, мемлекеттің саясатын жалғастырамыз - БҒМ

  • © Sputnik / Владислав Воднев

    © Sputnik / Владислав Воднев

Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова мемлекеттің білім саласындағы саясатын одан әрі жалғастыратынын жеткізді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.


"Біріншіден, әр министр өз реформасын енгізбейді. Жалпы мемлекетімізде білім саясатына қатысты қалыптасқан шаралар бар. Міне, біз осы шараларды енгіземіз. Бірақ, әр министр кейбір мәселелерде асығуы немесе кей мәселелерді тежеуі мүмкін, кейбір мәселелерді өз тұрғысынан қарауы мүмкін", - деді Шәмшидинова үкімет кулуарында.


Ведомство басшысы келесі жылы жаңа білім бағдарламасы қабылданатынын жеткізді.


"Қазақстанның білім бағдарламасы биыл аяқталып, келесі жылға жаңа білім бағдарламасы қабылданады. Бірақ, жаңа білім бағдарламасы аясында үлкен күрделі өзгерістер туралы әңгіме айтылып отырған жоқ. Біз басталған шаруаны өз биігіне шығаруымыз керек", - деді министр.


Ал журналистердің "министрлік Сағадиевтің (бұрынғы білім және ғылым министрі – Sputnik) саясатын жалғастырады деп айта аламыз ба? деген сұрағына:


"Біз Сағадиевтің саясатын емес, мемлекеттің білім саласындағы саясатын жалғастырамыз", - деп жауап берді.


 




Көрілген: 553    Пікірлер: 0

сейсенбі, 05.03.2019, 14:54

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қыркүйек, 18:06
    Тіл – татулық тірегі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31