Жаңалықтар

«Бізді біліп қой: ҚазҰУ студенттерінің спорттағы жетістіктері» атты іс-шара өтті

  • http://alashainasy.kz/

    http://alashainasy.kz/

Табысты жүзеге асып жатқан Жастарды азаматтық және рухани-адамгершілік тұрғыдан тәрбиелеудегі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің (www.kaznu.kz) «Айналаңды нұрландыр» жобасының үлесі зор.


Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың еліміздің халқына Жолдауында 2030 жылға дейін эканомикалық, әлеуметтік биіктерге көтерілу үшін рухани байлықтың, денсаулықтың қажеттігі атап көрсетілгені мәлім. Сондықтан Жолдаудағы салауатты өмір салтын қалыптастыру, насихаттау бағытында, Қазақстандағы жоғары білім берудің флагманы, ғылым мен білімнің тұнығына айналған оқу ордасы – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 85 жылдық мерейтойлық жылында, Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы негізінде «Айналаңды нұрландыр» жобасы бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының оқытушылары «Бізді біліп қой: ҚазҰУ студенттерінің спорттағы жетістіктері» атты ашық іс-шарасын өткізді.


Іс-шараға кафедраның оқытушылары және әлемнің Қытай, Корея, Жапония, АҚШ, Испания, Дания, Иран, Австралия елдерінен келген шетелдік студенттері қатысты.


Бұл іс-шараны өткізудегі кафедраның мақсаты заманауи ҚазҰУ студенттерінің спорттағы жетістіктерін əлемге таныту, ұлттық спорт мəдениетін, спорт саласында жеткен жетістіктерін дәріптеу, шетелдік азаматтарға кеңінен таныстыру болды.


Іс-шарада кафедра оқытушылары ҚазҰУ қазіргі еліміздегі үлкен спорттың дамуына өлшеусіз үлес қосып, студенттік спортта көшбасшы атанып, даңқты дәстүрге айналдырып келе жатқаны туралы, ҚазҰУ-дың спорттағы жеңімпаздары: 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өткен жазғы Олимпиада ойындарында Қазақстан тарихында тұңғыш рет суда жүзуден Олимпиада чемпионы болған ҚазҰУ студенті Дмитрий Баландин, күміс және қола медальға ие болған танымал Елдос Сметов және Эльмира Сыздыкова, сонымен қатар Тайбэде (Тайвань) өткен 29-шы Жазғы универсиаданың жеңімпаздары, біздің студенттеріміз Денис Уланов және Сергей Григорьев сынды атақты қазақ халқының жеңімпаз спортшылары туралы мақтанышпен айтып, бұл атақты спортшылар - Қазақстанның спорт мұрасының алтын қорының өкілдері болып табылатыны туралы сөз етіп, өз баяндамаларымен таныстырды.


Сонымен қатар, кафедра доценті К.С. Якубаева олар білім ала жүріп, спортпен айналысып, үлкен еңбектің арқасында биік-биік жетістіктерге жетіп жүргенін сөз ете отырып, жастар осы атақты жеңімпаз спротшылардан үлгі алу керектігін айта отырып, қазіргі таңда университетімізде денешынықтыру мен спорт саласының дамуы үшін барлық жағдай жасалғанын, сапасы керемет техникалық база студентердің кез-келген уақытта келіп, әр түрлі секцияларға қатысып, спортпен айналасуына үлкен мүмкіндік беретінін, жаттықтырушы мен спортшыларымыздың талмай еңбек етуінің арқасында ҚазҰУ құрамасы қазіргі таңда халықаралық және республикалық жарыстарда сәтті өнер көрсетіп жүргенін айта отырып, шараны қорытындылады.



Жаһандық əлемдегі заманауи қазақстандық спорт мəдениетімен жəне еліміздің атағын шығарған ҚазҰУ студенттерінің спорттағы жетістіктерін əлемге таныту аясында ҚазҰУ студенттерінің спорттағы жеңімпаздарымен таныстыру арқылы спорттық мәдениетімізді шетелдік студенттерге дәріптеу.


Студенттер көтерілген мәселелер жөнінде көптеген сұрақтар қойды. Сонымен қатар, бұл іс-шарада шетелдік студенттер арнайы ұйымдастырылған шағын қойылымға қатыса отырып, қазақ және орыс тілдерінде спорт жайында және спротпен айналысуға үгіттейтін өлең жолдарын мәнерлеп оқып, қазақ және орыс тілдерін меңгерген деңгейлерін көрсете білді.

«Бізді біліп қой: ҚазҰУ студенттерінің спорттағы жетістіктері» - атты ашық тәрбиелік іс-шара шетелдік студенттердің белсенді қатысуымен жоғары деңгейде өтті.


 


Саденова А.Е., К.С. Якубаева.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,

Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті,

Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру

дайындығы кафедрасының оқытушылары


 




Көрілген: 361    Пікірлер: 0

сейсенбі, 26.02.2019, 12:21

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Сәуір, 10:35
    Жыл басы – Наурыз
    13 Ақпан, 15:34
    Жырлайды жүрек
    17 Қаңтар, 19:01
    Шығыстың қос шыңы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31