Жаңалықтар

«Бізге сыйлық қажет емес»: ұстаздар мереке қарсаңында жаңа челлендж бастады

  • «Бізге сыйлық қажет емес»: ұстаздар мереке қарсаңында жаңа челлендж бастады

    «Бізге сыйлық қажет емес»: ұстаздар мереке қарсаңында жаңа челлендж бастады

Дінислам Болатханұлы қазір Екібастұздағы әріптесі, № 17 мектептің математика және информатика пәнінің мұғалімі Бауыржан Сырымбетовтің қорқынышты аурумен күресіп жатқандығын жазады.

Facebook әлеуметтік желісінде Дінислам Болатханұлы есімді азамат ата-аналар қауымынан мұғалімдерге сыйлық сыйламауды өтінді, деп хабарлайды OINET.KZ.


«Менің кейбір әріптестерім, мұғалімдер қауымы «бізге сыйлық қажет емес» челендж басталды. Біз шын мәнінде сіздің сыйлықтарыңызды қажет етпейміз. Оның үстіне, егер бұл сыйлықтар басқа белсенді ата-аналардың қысымымен жасалса. Біздің мерекеміздің шырқын бұзбаңыздар...», - деп жазады Дінислам есімді азамат.


Дінислам Болатханұлы қазір Екібастұздағы әріптесі, № 17 мектептің математика және информатика пәнінің мұғалімі Бауыржан Сырымбетовтің қорқынышты аурумен күресіп жатқандығын жазады. Оған ота жасау үшін шынымен де елдің көмегі керек екен.


«Ол қараңғы соқыр болып қалуы мүмкін. Көп уақытын ұстаздыққа арнап, 4 бала өсіріп отырған бір үйдің отағасы, міне бір жыл болды, өзіне жабысқан ауыр дертпен күресіп келеді. Өкінішке қарай, дерт тез дендеп, жас жігіттің өміріне балта шабылуда. Бауыржан Маратұлына бірнеше ота жасалды. Жұбайы отандық дәрігерлердің күрделі болғандықтан кезекті отаны жасаудан бас тартқанын айтады. Мәскеудегі СПЕКТР офтальмологиялық клиникасының мамандары Бауыржан Маратұлына диагноз қойып, ота жасауға құлық танытыпты. Төрт баласын жалғыз асырап отырған ана ол отаның сомасына шамасы жетпейтінін айтады. Ота құны 580 000 рубль екен. Ота шұғыл қажет! Дәрігерлер, егер көз жанарындағы тор толықтай ыдырап кетсе, бәрі кеш болатынын айтады ...», - деп жазды Дінислам Болатханұлы. 




Көрілген: 588    Пікірлер: 0

бейсенбі, 26.09.2019, 14:17

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қыркүйек, 18:06
    Тіл – татулық тірегі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31