Жаңалықтар

Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-да заңгермен кездесу өтті

  • Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-да заңгермен кездесу өтті

    Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-да заңгермен кездесу өтті

Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы көптеген мәселеге қозғау салып, халық тарапынан қолдау тауып отыр. Осы орайда, бүгін Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-да Шығыс Қазақстан облысы бойынша заң кеңесшілер палатасының мүшесі, заңгер Гүлжан Мұқанқызы Берекполовамен кездесу өтті.

Кездесуде қоғамдағы сыбайлас жемқорлық, пара беру- алудың жауаптылығы, пара сұрау кезіндегі азаматтардың іс-әрекеті сынды мәселелер төңірегінде сөз қозғалды. Кездесу барысында студенттер сұрақтар қойып, құқытық кеңестар алды.

«Жалпы кез келген адам өз құқығын білу міндетті. Көп жерде біздер өз құқығымызды қорғай алмай жатамыз. Бүгінгі заңгермен кездесуде, көп құқықтық кеңестер алып алып, болашақта заңды оқи білуді үйрену, заңды түсіну қажет екенін түсіндім»,- деп университеттің 20ПСК-1студенті Қадыров Дамир кездесуден кейінгі ойымен бөлісті.

Заңгер Гүлжан Мұқанқызы «Адамдардың көбі пара беру мен сыбайластықты қандай жағдайда да өздері үшін пайдалы немесе зияны жоқ құбылыс ретінде қарастырады. Сондықтан студенттерге пара сұрау, пара беру фактілерінің алдын алу мақсатында кеңінен түсіндірме жұмыстарын жүргізген абзал. Оқу-тәрбие орындарымен қатар әр отбасы да осы мәселеге бей-жай қарамай, отбасында жас ұрпақты тәрбиелеуге көп көңіл бөлінуі керек, өйткені, бұл оның сана-сезімінің қалыптасуына, құқықтық, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетіне әсер етеді»,- деп студенттерді адал еңбекке, адал білімге ұмтылуға шақырды.

Бұл «Antikor.Live» жобасы аясында өткізіліп отырған алғашқы кездесу емес. Университет ұжымы саналы ұрпақ тәрбиелеу мақсатында осындай іс шараларды өткізуді дәстүрге айналдырмақ.

Эльвира Еркінбекқызы 




Көрілген: 498    Пікірлер: 0

бейсенбі, 01.04.2021, 21:14

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Наурыз, 16:06
    Тарихи күн

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31