Жаңалықтар

Дене қызуы көтеріліп, ҰБТ тапсыра алмаған түлектер не істейді?

  • Дене қызуы көтеріліп, ҰБТ тапсыра алмаған түлектер не істейді?

    Дене қызуы көтеріліп, ҰБТ тапсыра алмаған түлектер не істейді?

ҰБТ-ның алғашқы күні Қазақстан бойынша 6 мың 206 оқушының ҰБТ нәтижелері белгілі болды.
Білім және ғылым министрлігінің хабарлауынша, қатысушыларға электронды сертификат беріледі. Негізі 6 512 адам тестілеуден өтуді жоспарлаған. Алайда 144 талапкер ҰБТ өткізу пункттеріне келмеді.

Тестілеуге кіргізу барысында 2 талапкердің дене қызуы жоғары болған, олар сынақты басқа күні, яғни сауыққан соң тапсыра алады.

ҰБТ-ға қатысушыларды тәуелсіз сарапшылар қадағалады. Олардың құрамында Арнайы мониторингтік топтардың мүшелері, қоғам қайраткерлері, Үкіметтік емес ұйым, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және «Адалдық алаңы» жобалық кеңсе өкілдері бар.

ҰБТ-ға кіре алмаған немесе тест нәтижесі жойылған түлек те оқуға түсе алады
ҰБТ-да жоғары балл жинауға көмектеспекші болған азаматтар анықталды – ANTIKOR
Екінші күн: ҰБТ тапсырған 261 талапкер ереже бұзды, 19 баланың қызуы көтерілді
Айта кетейік, биыл ҰБТ-дағы бақылау күшейтілді. Әр аудитория бейнебақылау камераларымен жабдықталған. Қатысушылар металл іздегіштен өтпес бұрын ережелерді ұстану туралы міндеттемелермен танысып, тыйым салынған заттардың жоқтығы туралы құжатқа қол қояды. Алғашқы күннің қорытындысы бойынша тыйым салынған заттарды алып өтуге тырысқаны үшін 73 және тест тапсыру барысында ҰБТ ережелерін бұзғаны үшін 87 талапкер, яғни 160 адам тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды.

Көпшілігі Түркістан облысы мен Шымкент қаласында тіркелген.

25 тамызға дейін әр аудиториядан алынған бейнежазбаны мамандар зерделейді. Егер бейнематериалдарды талдау кезінде ережелерді бұзғаны анықталса, талапкердің тест нәтижелері жойылуы мүмкін. 




Көрілген: 375    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 24.06.2020, 12:52

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Қыркүйек, 00:14
    БАЛАНЫҢ КӨЗІНШЕ...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30