Жаңалықтар

Депутат білім грантының құнын жаңаша есептеуді сұрап отыр

  • https://www.inform.kz

    https://www.inform.kz

Мәжіліс депутаты Әбдіманап Бектұрғанов білім және ғылым министрлігінен білім гранты құрылымын қалыптастыру әдістемесін қайта қарауды сұрады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.


"Соңғы 5-6 жылда инфляциялық процестер университеттердің кірісін шамамен екі есеге дейін азайтты. Бұл оқытушылар мен қызметкерлердің жалақысына әсер етті, демек, жалпы университеттердің дамуына да кері ықпал жасады", - деді Бектұрғанов үкімет басшысы Асқар Маминге жолдаған депутаттық сауалында.


Тағы оқыңыз: "Халық сенбейді қазір". Назарбаева шындықты айтқан депутатты қолдады


Айтуынша, қазір жоғары білімнің барлық шығыны екі топқа бөлінеді. Біріншісі – оқу процесіне тікелей байланысты шығындар, яғни тікелей шығын. Екіншісі – білім беру қызметін қамтамасыз етуге, яғни білім беру ортасын қалыптастыруға жұмсалатын шығын.


Депутаттың пікірінше, білім грантының құнына тек білім беру процесімен байланысты шығындар ғана кіруі керек.


"Жан басына қаржыландыруға көшу жағдайында бұл өте маңызды. Студент конкурстық негізде жоғары білім алуға арналған мемлекеттік грантты жеңіп алады. Бұл жағдайда жоғары білім алуды мемлекеттік қолдау тікелей нақты адамға көрсетіледі. Сондықтан, білім грантының құны білім беру процесіне байланысты шығындарды ғана қамтуы керек", - дейді ол.


Ал, білім беруге қажетті орта құру, яғни білім алуға жағдай жасау – осы қызметті ұсынатын тұлғаның міндеті.


"Сондықтан, бұл шығындарды білім беру қызметін көрсететін ұйым көтеруі керек", - деп санайды Бектұрғанов.


Мәжілісмен білім грантын қалыптастырудың қазіргі жүйесінде білім беру процесіне және білім беру ортасына қатысты барлық шығын есептелген.


"Жоғарыда айтылғандардың негізінде, сізден жоғары білім беруде кредиттік-жан басына шаққандағы қаржыландыру аясында білім беру гранты құрылымын қалыптастыру әдістемесін қайта қарау қажеттілігін қарастыруды сұраймыз", - деп қорытты сөзін ол.


 




Көрілген: 371    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 02.10.2019, 15:01

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қыркүйек, 18:06
    Тіл – татулық тірегі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31