Жаңалықтар

Депутат білім министріне ата-аналарды мазалаған мәселені жеткізді

  • © Sputnik / Владислав Воднев

    © Sputnik / Владислав Воднев

Сенатор Мұрат Бақтиярұлы Білім және ғылым министріне хат жолдады.

 

Депутат қазақстандық оқушыларды толыққанды қашықтан оқытумен қамтамасыз етуге инфрақұрылым қауқарсыз екеніне сенімді. Өйткені педагогтардың барлығында бірдей компьютер мен жедел интернетке қолжетімділік жоқ деп отыр, деп хабарлайды сенаттың баспасөз қызметі.

 

Ол қашықтан оқыту форматына көшуде интернет пен техниканың тапшылығы қол байлайтынын жеткізді. Депутат мұндай жағдайға мұғалімдер мен оқушылар өткен тоқсанда тап болғанын атап өтті.

 

"Қазір еліміздегі мектептердің балансында 405 мың компьютер бар, оның 162 мыңы (40 %) ғана жарамды. Тек техника тапшылығын жою үшін 210 мың компьютер керек. Сіз сәуір айында 80 мың техника сатып алуды жоспарлап отырғаныңызды айтқан болатынсыз. Олар қазіргі кезде сатып алынды ма, алынса қандай өңірлерге таратылды? Жаңа оқу жылында Қазақстан мектептерінде компьютер, тағы да басқа оқу құралдары жеткілікті бола ма?" - деді депутат министрге хатында.

 

Бақтиярұлының айтуынша, тұрғындардың жаңа оқу жылында білім беру мәселелеріне алаңдаушылық білдіруі байқалады. Ол өзі сайланған Қызылорда облысын мысалға келтірді.

 

"26 елдімекендегі мектептерде интернет желісі жұмыс істемейді. Байланыс операторы ауылдық жерлерді ескірген технологиялар есебінен қамтамасыз етіп келеді. Салдарынан ауылдардың 21 проценті заманауи байланыс технологиясына қол жеткізе алмай отыр", - деді депутат.

 

Ата-аналардың ұсынысын жеткізді

 

Депутат бастауыш сыныпта білімнің негізі қаланатынын ескеріп, оған ерекше назар аударды. Сондықтан бастауыш сынып оқушылары жаңа оқу жылында білім алуды мектеп қабырғасында жалғастырса деген мыңдаған ата-ананың ұсынысын жеткізді. Ол санитарлық нормаларды қатаң сақтаудың маңыздылығына тоқталды.

 

Еске сала кетсек, үкіметтің кеңейтілген отырысында президент мұғалімдердің 20 проценттен астамының үйінде толыққанды интернет пен компьютер жоқ екенін айтқан болатын. Салдарынан қашықтан оқыту тиімді болмады. Мемлекет басшысы Білім және ғылым министрлігінің жаңа оқу жылына дайын екеніне күмән білдірген еді.

 

 

sputniknews.kz




Көрілген: 406    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 29.07.2020, 20:21

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Қыркүйек, 00:14
    БАЛАНЫҢ КӨЗІНШЕ...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30