Депутаттар мектептерге қазақтың салт-дәстүрлері туралы дәріс енгізуді ұсынды

21 желтоқсан 2021, 13:19

ҚР Мәжіліс депутаттары бастауыш сыныптарда қазақтың салт-дәстүрі туралы қосымша сабақтар енгізуді ұсынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

ҚазАқпараттың мәліметінше, бұл туралы Атырау облысына жұмыс сапарымен келген ҚР парламенті мәжілісінің депутаты, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Ғани Ташқараев ұстаздар және жастармен кездесуінде айтқан.

"Парламент Мәжілісінің депутаттары арасында бастауыш сынып оқушыларына "Қазақтың салт-дәстүрі" атты қосымша сабақ енгізу мәселесі талқыланды. Өйткені, қазақ елінде дүниеге келген әр бала өз салт-дәстүрі мен тарихын ерте жастан білуі тиіс", - деді Ғани Ташқараев.


Нұр-Сұлтандағы мектептерге Қонаевтың, Ақышевтың, Бағланованың есімдері беріледі

Күніне неше жеміс жейсің? Қазақстандық ата-аналар балаларынан алынатын әл-ауқатты анықтау сауалнамасына қарсы

Кездесуде этносаралық қарым-қатынас, педагогтардың жалақысын көтеру секілді мәселелер де қозғалған.

"Әр қазақстандық жастың салт-дәстүрді берік ұстанып, қазақ тілінде еркін сөйлеуіне жағдай жасалуы керек. Сол себептен, бұл мақсатта нақты жұмыстар атқарылатын болады", - деп сендірді мәжіліс депутаты.