Жаңалықтар

Диплом жұмысын ақшаға жазып беретіндер жазалануы мүмкін

  • © ВКонтакте

    © ВКонтакте

Интернет желісінде ашық түрде диплом, магистрлік ғылыми жұмыстарды жазып, сататындар жазалануы мүмкін. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысындағы департаменті осындай бастама көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Осы қызметтің жарнамасына заңды түрде тыйым салу бастамасы Алматы облысында көтерілді. Ұсыныс білдірушілер бірінші кезекте диплом, диссертациялық жұмыстардың арнайы базасын енгізу қажет деп отыр. Себебі, осы база арқылы ғана әр дипломның қанша рет қолданылғаны, қалай, қайдан шыққанын анықтау мүмкін болады дейді олар.


Сонымен қатар, диплом жұмыстарын антиплагиатқа тексеру жөніндегі құзіретті жоғары оқу орындарына емес, уәкілетті органдарға беру қажет.


«Ондай сайттарға Қазақстанда тыйым салынбаған. Сол мәселеге мемлекет, Үкімет, министрліктің назарын аударып, ұсыныс жасап, осы бойынша оған шектеу қоятын, жазаға тартатын, айыппұл салатын ержелерді енгізуіміз керек», - деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Серікбай Нұрғисаев.


Агенттік өкілдерінің сөзінше, ақшаға диплом жазатындарға, оны сатып алушыларға жаза қолдану арқылы ғана білімге қойылатын талап күшейеді.


Қазір дипломды да, ғылыми жұмысты да еш қиналмастан интернет арқылы жаздырып алуға болады. Ол үшін ғаламторды ашып, диплом жұмысы деген сөзді терсеңіз болды, түрлі ұсыныстар қаптап шыға келеді.


Мәселен, колледждерге жазылатын дипломның құны - 50 мың теңгеден, бакалаврдікі - 65 мыңнан, ал докторлық диссертацияның бағасы 500 мың теңгеден басталады.


 


 




Көрілген: 565    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 18.03.2019, 14:07

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Сәуір, 10:35
    Жыл басы – Наурыз

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31