Диплом сату белең алмай ма?

Диплом сату белең алмай ма?

2021 жылдан бастап әрбір жоғары оқу орны студенттерге жеке үлгі бойынша диплом береді. Ендігі кезекте ЖОО-лар оқу бағдарламаларын өз бетінше әзірлейтіндіктен, оқу жетістіктерін сырттай бағалау (ОЖСБ) жүргізілмейді. Бір сөзбен айтқанда, «алдыңа ас қойдым, екі қолыңды бос қойдымның» кері. Яғни, университетті брендке айналдыру мен құлдыраудың арасы бірақ қадам. Мұның тағы қандай ерекшелігі бар?

 

Заңсыз құжат айналымына тосқауыл

 

Білім беру мәселелері жөніндегі заңнамаға енгізілген түзету жоғары оқу орындарының жаңа тынысын ашқандай болды. Атап айтқанда, диплом беру турасындағы жаңа өзгеріс төңірегінде сұрақ көп. Министрлік енді әр жоғары оқу орнында берілетін диплом біркелкі болмайтынын айтады. Бұл оқу орнының жеке брендке айналып, студент университетті білім беру сапасына қарай таңдауына әсер етеді. Мемлекеттік үлгідегі диплом беруді шектеу заңсыз немесе жалған құжат айналымына тосқауыл болмақ.

 

«Мәселен, білім берілгенін растайтын құжатты есепке алу және сериялық нөмірлері бойынша бір жүйеге келтіру үшін дипломдардың мазмұнына қатысты бірыңғай минималды талаптар қарастырылған. БҒМ-ның ақпараттық жүйесінде берілген дипломдардың депозитарийі, реквизиттері болады. Сондай-ақ Болон процесінің талаптарына сай Diploma Supllement беру қарастырылады», &ndash дейді Асхат Аймағамбетов.

 

Иә, бұл өзгеріске министрлік біршама уақыт дайындалған. Мұны бізге БҒМ-ға қарасты Жоғары білім департаменті басшысы Бану Мұқатайқызы мәлімдеді. 2017 жылдан бері ЖОО-ларға жаңа үлгідегі диплом беру жайы хабарланған екен. Түбегейлі әрекетке көшу үшін министрлік 2 жыл бойы дайындық жүргізген. Нәтижесінде, жоғары оқу орындары толыққанды «өзі би, өзі қожа» болды.

 

Неге бұлай деп сөз қозғадық?

 

Өйткені ЖОО-лар 2018 жылы академиялық дербестік алды. Бірақ диплом беру мен оқу бағдарламаларына байланысты министрлікке тәуелді еді. Ал осы тұрғыдан алғанда бұл өзгеріс оқу орындары арасындағы бәсекелестікті арттырып, әр ЖОО-ның білім сапасы үшін жауапкершілігін күшейтеді.

 

Алайда қоғам белсендісі Нұршат Жұмаділдің айтуынша, әлі де мемлекет тарапынан бақылау қажет. «Әйтпесе, жеке ЖОО ашық түрде диплом сату базарына айналып кетеді. Материалдық-техникалық базасы әлсіз университеттер онсыз да сапасыз маман даярлап отырғаны айдан анық»,&ndash дейді ол.

 

Оқу орнын таңдау бұрынғыдан да қиынға түседі

 

Мектеп бітірген түлек үшін таңдау жасау қиын. Әсіресе, таңдаған мамандығына сай білім беру сапасы жоғары университетке түсуді көздейді. Осындайда елімізде ЖОО-ға қатысты нақты рейтинг жоқ. Өйткені қоғамда оқу орны түлектерінің қазіргі деңгейіне қарап бағалау басым. Ал оның жетістікке университет арқылы жеткеніне кепілдік бар ма? Сондықтан білім сапасына, оқу деңгейіне, университеттің ішкі және сыртқы бәсекесіне басты назар аударған жөн-ақ. Осы тұрғыдан алғанда Алматы менеджмент университетінің проректоры Әсел Арынқызының жаңа бастамадан күтері көп.

 

«Мемлекеттік үлгідегі дипломдар берілуі тоқтатыла салысымен талапкерлер, олардың ата-аналары ЖОО-ны таңдауда оқу орнының білім сапасы, беделі, профессорлық-оқытушылық құрамы, материалды-техникалық қамсыздануы, инновациялық білім бағдарламалары, рейтингілері, қоғам алдындағы жауапкершілік дәрежесі, халық­аралық дәрежеде танылуы сияқты маңызды фактілерді басшылыққа алуына септігі тиеді. Енді ЖОО-ны таңдау бұрынғыдан гөрі қиынырақ, аса жауапты мәселеге айналады. Себебі студенттің ЖОО-ны аяқтаған соң жұмысқа орналасуы &ndash оқу орны дипломының жұмыс берушілер арасында танылуына тікелей байланысты. Бұл ретте, білім сапасы сын көтермейтін жоғары оқу орындары студентсіз қалып, жабылуы тиіс. ЖОО-лар арасында студенттер үшін ашық, нарықтық бәсекелестік білім сапасының артуына әкелуі тиіс»,&ndash дейді Әсел Арынқызы.

 

Әйтпесе, жеке ЖОО ашық түрде диплом сату базарына айналып кетеді. Материалдық-техникалық базасы әлсіз университеттер онсыз да сапасыз маман даярлап отырғаны айдан анық

 

ЖОО проректорымен әңгіме барысында университеттердің жаңа үлгідегі дипломына неге басымдық беретіні жайлы сұрадық. Ол шет елдерде студенттер арасында дипломын мақтан тұтып, қабырғаға іліп қою тәжірибесі кеңінен тарағанын айтты. Сол үшін ЖОО-лар оқу орны үлгісінде жасалатын дипломның дизайнына, ішіндегі ақпаратқа барынша мән беріп жатқан көрінеді.

 

Мәселен, AlmaU университеті дипломға оқу орнының аккредитациялары, рейтингілері, жетістіктері туралы ақпаратты қоспақ. Осылайша, құжаттың ақпараттық құндылығы арта түседі. Бұған қоса берілетін дипломдардың қауіпсіздін қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізіп, арнайы қорғаныс механизмдерін енгізуді қолға алып жатыр.

 

Оқу бағдарламасының жайы не болмақ?

 

Білім беру мәселелері жөніндегі заңнамада тек қана жаңа үлгідегі диплом беру жайы жазылған жоқ. Оқу бағдарламасы дейтін үлкен тақырып тасада қалып қойды. Оған қоса мемлекеттік грант арқылы оқуға түскен студенттердің грантты жұмыспен өтеу шарттары жеңілдетілгені бар. Аталған мәселелерге жеке-жеке тоқталып көрелік.

 

Жоғары оқу орындарында мамандықтар тізімі классификатормен қатаң белгіленетінді. Мысалы, оқу орны қандай да бір инновациялық мамандық ашу үшін тәжірибе жүргізу мақсатында арнайы рұқсат алуға әрекет жасайтын. Әрине, рұқсат алудың тәртібі күрделі. Заңнамаға енгізілген түзету осы процесті біршама жеңілдеткен екен. Қазір оқу бағытында инновациялық оқу бағдарламасын ашу үшін бағдарламаны реестрге енгізіп, сараптамадан өткізсе жетіп жатыр. Ал министрлік бекіткен классификаторда тек білім беру саласы мен даярлау бағыты бекітіледі. Соған сәйкес әр ЖОО өзінде бар даярлау бағытына сәйкес оқу бағдарламаларын әзірлейді. Демек, оқу орнының түлеп, қоғамда қошеметке бөленуі өз қолында тұр.

 

Мемлекеттік грант арқылы оқуға түскен сутденттердің грант­ты жұмыспен өтеу шарттары күрделі мәселе еді. Басты шарты &ndash мемлекеттік грантты мемле­кеттік мекемеде жұмыс істеу арқылы өтеу. Осы тұсы ЖОО түлектеріне ұнамайтын. Әрі мемлекеттік мекемеде жұмыс істеу жастарға тиімсіз көрінетін. Енді түлектер жекеменшік ұйымдарда жұмыс істеп, грантын өтей алады. Бұл жүйеге қойылар талап &ndash дайындық бағыты (мамандығы) бойынша жұмыс істеуі тиіс. Сайып келгенде, жаңа норма кадр мәселесін шешіп, түлектердің жұмыспен қамтылу мүмкіндіктерін кеңейтуге көмектеседі.

 

Осыған сай министрліктің айтуынша, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік дамып келеді. Мемлекеттік тапсырыс жекеменшік балабақшаларға, мектептер мен ауруханаларға беріледі. ЖОО түлектері мамандығына сай жекеменшік ұйымдарда алаңсыз жұмыс істей алады.

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста